Сүтқоректілер, құстар, теңіз жануарлары, қосмекенділер мен бауырмен жорғалаушы жануарлар 60 пайызға азайды, деп мәлімдеді Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры.
Аталған қор Лондонның зоологиялық қауымдастығы бірлесе жасаған зерттеуі нәтижесінде 1970-2012 жылдар аралығында әлемдегі жануарлар саны 58 пайызға азайғаны белгілі болды. Ал 2020 жылға қарай бұл көрсеткіш 67 пайызға дейін көбейіп кетуі мүмкін деген қауіп бар.
Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры жануарлардың азаюына бірінші кезекте адамзаттың кінәлі екенін айтты. Атап айтар болсақ, фермерлік қызметтер мен қала құрылысының көбеюі жабайы табиғат аймағының азаюына себеп болған.
Сонымен қатар ауаның ластануы, климаттың өзгеруі, аңшылық пен табиғатты жасанды өзгерту шаралары жануарлар санының азаюына алғышарт болды.
“Біз қазір Жер тарихының жаңа кезеңі – антропоценге кіріп отырмыз”, – деді қор директоры Марко Ламбертини. Антропоцен деп – жер шарының экожүйесінің адамзаттың белсенділігіне тәуелді кезеңді айтады.
Дереккөз: naryk.kz