Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында ғылым және білім өкілдерінің қатысуымен «Ғылым-Білім-Өндіріс» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп, әкімдік пен университет арасында ынтымақтастық туралы меморандум түзілді. Жиынға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов пен аталған университет жанындағы 10 ғылым институтының ғалымдары, өңірдегі жоғарғы оқу орындарының ғалымдары мен өнеркәсіп саласының мамандары қатысты.
Еңлік Заманхан