«Көксарай» су қоймасында бүгінгі таңда 2,8 млрд текше метр су бар, тағы 200-300 млн текше метр су жинауға болады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Көксарайда» ғана емес, барлық су қоймасында «Қазгидрометтің» мәліметі негізінде суды жиналады. Осы деректер негізінде сужинау ертерек басталған болатын. Бүгінгі таңда «Көксарайда» 2,8 млрд текше метр су бар. Тағы да 200-300 млн текше метрдей су жинауға болады», — деді Асқар Мырзахметов.
Үкімет басшысының орынбасары сондай-ақ «Шардараға» да 500 млн текше метрдей қосымша су жіберуге болатынын айтты.
«Бүгінгі таңда қанша су келсе, сонша төмен қарай кетіп жатыр. Ол жерде айтарлықтай қауіп көріп отырған жоқпыз. Тіпті болмаған жағдайдың өзінде Өзбекстанмен келісім бар. Қосымша «Арнасайға» да тастауға болады», — деп түйіндеді ол.
Дереккөз: Baq.kz