• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Желтоқсан 21, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ж.Түймебаев: Қымбат тарифті төмендету арқылы арзан өнімге қол жеткізе аламыз

13.04.2017
0
Оңтүстік Қазақстан облысы уран өндіруде республика бойынша көш бастап тұр. Былтырдың өзінде өңірде 19 мың тонна уран өндірілсе, Шымкент мұнай өңдеу зауыты 4,5 млн. тонна мұнай өңдеген. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында   ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті.
Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жүргізіп отырған мәжілісте өңірдің энергетикалық инфрақұрылымын дамыту, энергоресурстармен қамтамасыз ету,  электр энергиясы мен табиғи газ тарифтері мәселелері қаралды.
Мәжілісте сөз алған министр облыстың аса маңызды минералды-шикізаттық әлеуеті мол екенін атап өтіп, алдағы жоспарларға тоқталды.
«Оңтүстік Қазақстан облысы уран өндіру көлемі бойынша көшбасшы болып табылады. Облыста 8 уран өндіруші кәсіпорын жұмыс істейді. Былтырғы жылы республика бойынша жалпы 24,6 мың тонна уран, оның ішінде  Оңтүстік Қазақстан облысында шамамен 19 мың тонна уран өндірілді. Ал еліміздің өңдеу өнеркәсібінің негізгі компоненттерінің бірі үш мұнай өңдеу зауыты болып табылады. Олардың ішінде, Шымкент мұнай өңдеу зауыты өңір экономикасына өз үлесін қосуда»,-деді министр.
Айта кетейік, былтырғы жылы республикада 14,5 млн. тонна мұнай өңделсе, оның ішінде Шымкент зауыты 4,5 млн. тонна мұнай өңдеген.
Өнеркәсіпті дамыту үшін қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіп, сапасын жақсартуды айтқан аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев электр энергиясы мен табиғи газдың тарифтері туралы сөз қозғады.
«Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша электр қуатына жалпы қажеттілік орташа есеппен сағатына 400 МВт құрайды. Оның 30 пайызы ішкі көздер есебінен алынса, 70 пайыздан астам бөлігі еліміздің солтүстік өңірлерінен тасымалданады. Оңтүстік Қазақстан облысында заңды тұлғаларға арналған электр энергияның тарифтері еліміздің басқа өңірлерімен салыстырғанда ең жоғары деңгейде. Бұл өз кезегінде облыста өндірілген тауарлардың өзіндік құнының жоғары болуына, бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне, халықты жұмыспен қамтуға, өңірдің инвестициялық тартымдылығын төмендеуіне әкеліп отыр»,-деді Жансейіт Қансейітұлы.
Осыған байланысты, солтүстік энергия көздерінен алынатын электрэнергияның құнын төмендету, электр қуатының нарығын 2018 жылдан бастап енгізуді қарастыру, жаңартылатын энергия көздерін өндіретін жобаларды жүзеге асыру үшін электр энергиясына тіркелген тарифтерге өзгерістер енгізуді жеделдету ұсынылды.
Мәжілісте облыс әкімінің орынбасары Жақып Бөкенбаев аймақтағы елді мекендердің электр энергиясы мен табиғи газбен қамтылуы бойынша  2017-2020 жылдар аралығында атқарылатын жұмыстар туралы баяндама жасады.
Оның айтуынша, облыс тұтынушыларын сапалы және қажетті көлемде электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін Шымкент қаласында  «Бозарық», «Астана 1,2» қосалқы станцияларының құрылысы жүргізіліп жатыр. Осының нәтижесінде қаладағы өнеркәсіп орындары мен 430 мың тұрғын сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілетін болады. Бұдан бөлек, өңірде 7 қосалқы электр станцияның құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.
Оңтүстік өңірінің табиғи газға деген жылдық қажеттілігі орташа есеппен 1 млрд. м3 құрайды. Ал газдандыру деңгейі қазіргі таңда 62 пайызға  жетіп отыр.
Жалпы 2021 жылға дейін табиғи газбен қамтылған елдімекендер саны 683-ке жетіп, 81 пайызды немесе 2 млн. 720 мың тұрғынды құрауы тиіс.  Оның ішінде 2020 жылға қарай Түркістан қаласы 100 пайызға  газдандырылатын болады.
Облыста табиғи газдың тарифі еліміздің басқа өңірлерімен салыстырғанда жоғары.  Бұл  өңір инвестициялық тартымдылығын төмендетіп,  экономикалық өсімге кері әсерін тигізіп отыр. Сондықтан табиғи газ тарифін арзандату мақсатында, сатып алу мен тасымалдау құнын төмендету немесе республика бойынша ортақ біріңғай тариф енгізуді қарастыру ұсынылды.
Осы ретте министр Қанат Бозымбаев 2017 жылға Ұлттық Қор қаражатынан 734 млн. теңге көлемінде Сарыағаш ауданындағы бірқатар елді мекендерге газ құбырларын салу үшін  қаражат қарастырылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ ол электр және газ тарифіне байланысты ұсынысқа орай арнайы жұмысшы тобын құрып, зерттеу-зерделеу жұмыстарын бастауға кеңес берді.
  ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ҚАЛАМГЕР МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Шымкентте қазақ журналистикасының көрнекті өкілі Жарқынбек Оразханның 75 жылдығына арналған «Озық ойлы – Оразхан» атты еске алу кеші өтті. Жиында...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДАҒЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ з

Айғақ медиа
19.12.2025
0

№144 жалпы орта мектебінде жаратылыстану пәндерін оқытуға арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараны Әдістемелік орталық ұйымдастырды. Жиынға Астана, Шымкент қалалары...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ШЕЖІРЕЛІ КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер. Шымкентте шежірелі кітаптың салтанатты тұсаукесер рәсімі өтті. Рухани шараға әр өңірден жиналған...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

265 ҮЙ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Қызылжар-2 шағынауданында жылдар бойы шешімін таппай келген инфрақұрылым мәселесі шешілді. Көктемде өткен көшпелі кездесуде тұрғындар ауыз су тапшылығы, газдың жоқтығын...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Шымкентте Қошқар ата өзенін абаттандыру жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асуда. Бұл ауқымды жоба экологиялық жағдайды жақсартып, тұрғындарға заманауи әрі қауіпсіз...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Айғақ медиа
04.12.2025
0

Президентке еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын жүзеге асыру барысы жөнінде баяндалды. Светлана Жақыпова:  халықты жұмыспен қамту...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.