• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Желтоқсан 21, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Салыққа қатысты бірқатар жаңалық бар

13.04.2017
0

2018 жылы жеке тұлғаның мүлік салығын бағалау басталады, деп жазады “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының ресми сайты.

​Қазақстан азаматтары, оның ішінде салық төлеушілер 2017 жылдан бастап көлік салығы, жер және мүлік салығының есептеулері туралы ақпаратты салық органының сайтынан біле алады.

Сонымен қатар салық туралы ақпарат коммуналдық қызмет төлемінің түбіртегіне де жазылады, тіпті электронды почта арқылы немесе SMS-хабарлама арқылы алуға да болады.

Мұнымен қоса, жеке тұлғалардың көлік, мүлік және жер салығындағы қарызы жайлы хабарламаның жаңа түрі енгізіліп жатыр. Ал қалыпты мәліметтермен қатар, қарызды төлеуге мүмкіндік беретін банктік реквизиттер туралы ақпараттар қоса жолданады.

Салық төлеушілерге ақпарат «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы почтамен 10 жұмыс күнінде жеткізіледі, сондай-ақ электронды үкіметтің веб-порталындағы салық төлеушінің жеке кабинетіне жоладанады. Пошта арқылы әрі электронды кабинетке жолданатын хабарламада қарыз, есептелген салық сомасы, салық есебін өткізбеу мен тексеру жүргізудің қорытындысы жайлы мәліметтер беріледі.

 Жеке кәсіпкерлікті тіркеу

Биылғы жылдан бастап жеке кәсіпкерлікті тіркеу хабарлау тәртібіне көшірілді. Жеке кәсіпкерлікті қайта тіркеу де осы тәртіппен жүргізіледі. Тіркеу мәліметтері өзгертілгеннен кейін 10 жұмыс күнінің ішінде хабарламаны мемлекеттік кірістер органдары мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жолдау керек. Ал салық органдары қайта тіркеуді бір жұмыс күні ішінде жүргізуге міндетті.

Салықтық тексеру бойынша 

Бұрындары салықтық тексеру жүргізілгенде инспектор куәгерлерді тартпауға құқығы болған, ал 2017 жылдан бастап куәгерлерді де тартуға міндетті. Мұнымен қоса, салықтық тексеру жүргізу үшін тағы бір негіздеме енгізілді – салық төлеушінің салық органдары бекіткен тәртіпті бұзғаны туралы хабарламаны орындамағанын растау қажет.

 Қосымша құн салығын төлеушілерге қатысты

Егер ҚҚС төлеуші орналасқан орнында болмаған жағдайда түсініктемеге оның орнын растайтын құжаттардың нотариуспен бекітілген көшірмесі қоса беріледі. Хабарламаны тапсырыс хатымен немесе электронды почтамен жолдауға болады.

Салықтың артық төленген сомасын қайтару

Бұдан былай салықтың артық төленген сомасын қайтару кезінде салық органдары хронометражды тексеру жүргізбейді. Патент арқылы қызмет атқаратын салық төлеушілер қолдану кезеңінде патенттің өз бағасы төмен болса, соманы азайтып, қосымша есеп өткізуге және артық төленген салықты қайтаруға өтініш жазуға құқығы бар. Бұрындары артық төленген сома хронометражды тексеру жүргізілгеннен кейін ғана қайтарылып келген. Салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін бұл тәртіп өзгертілді.

Жер салығы мен мүлік салығы бойынша 

Жер салығы мен мүлік салығы бойынша мерзім бір жылға ұзартылды. Салық органдары жеке тұлғалар үшін есептеуді есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жүргізеді. Тиісінше, жеке тұлғалар бюджетке салық төлемін есептік кезеңнен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төлеуі керек. Осылайша, салықты төлеуге, есептеуге бір жылдай уақыт бар.

Ал ортақ меншіктегі мүлікті тіркеу кезінде өтініште салық төлеуге жауапты тұлғаның есімін көрсету керек.

2018 жылы жеке тұлғаның мүлік салығын бағалау басталады. Бұл 2017 жылдан басталатын міндеттемелерге қатысты, сондықтан 2018 жылы салық органдары бағалауды жүргізулері керек.

 Есепке қою және есептен шығару 

Салық салу нысандары мен салық салумен байланысты нысандардың орналасқан орны бойынша есепке қою және есептен шығару жойылды. Бұл жеке тұлғаларға да қатысты – құрылысы аяқталмаған нысандар жеке тұлғалардың салық салынатын нысандарынан шығарылады.

Мұнымен қоса, 2017 жылы ҚҚС төлеу бойынша есепке қою тәртібінде кейбір өзгерістер орын алды. Бұдан былай нотариуспен бекітілген құжаттарды берудің қажеті жоқ.

Егер салық төлеуші өтініш беру кезінде салық есебін беруді тоқтатқан деп саналса, салық органы ҚҚС бойынша ерікті есепке қоюдан бас тарта алады.

Салық органдары салық төлеушіні хабарламастан, сот шешімінің күшіне енуін негізге ала отырып, ҚҚС бойынша есептен шығаруды бір жақты тәртіпте жүзеге асырады.

Бірінен соң бірі болған салықтық кезең кезінде өткізу, сатып алу бойынша мәлімет көрінбеген жағдайдағы ҚҚС бойынша есептен шығаруға қатысты норма жойылды.

Акцизделген тауардың жекелеген қызмет түрін атқаратын салық төлеуші ретінде есепке қою хабарландыратын тәртіпке ауыстырылады. Хабарлама мұндай қызметті іске асыруға дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Осы жылдың шілде айынан бастап салықтық тексеру актісін алдын ала жасау тәжірибесі енгізіледі. Тексеру мен соңғы актіні аяқтағанға дейін салық органының маманы тексерілетін салық төлеушінің қолына алдын ала актіні беру керек. Салық төлеуші көріп, қарсылығы болса, жазбаша түрде беруге құқылы.

Шілде айынан бастап ҚР Қаржы министрлігінің жанынан салық төлеушілердің тексеру нәтижесіне салық төлеушілер түсірген шағымдарды қарайтын апелляциялық комиссия жұмысын бастайды.

Дереккөз: naryk.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ҚАЛАМГЕР МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Шымкентте қазақ журналистикасының көрнекті өкілі Жарқынбек Оразханның 75 жылдығына арналған «Озық ойлы – Оразхан» атты еске алу кеші өтті. Жиында...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДАҒЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ з

Айғақ медиа
19.12.2025
0

№144 жалпы орта мектебінде жаратылыстану пәндерін оқытуға арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараны Әдістемелік орталық ұйымдастырды. Жиынға Астана, Шымкент қалалары...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ШЕЖІРЕЛІ КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер. Шымкентте шежірелі кітаптың салтанатты тұсаукесер рәсімі өтті. Рухани шараға әр өңірден жиналған...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

265 ҮЙ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Қызылжар-2 шағынауданында жылдар бойы шешімін таппай келген инфрақұрылым мәселесі шешілді. Көктемде өткен көшпелі кездесуде тұрғындар ауыз су тапшылығы, газдың жоқтығын...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Шымкентте Қошқар ата өзенін абаттандыру жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асуда. Бұл ауқымды жоба экологиялық жағдайды жақсартып, тұрғындарға заманауи әрі қауіпсіз...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Айғақ медиа
04.12.2025
0

Президентке еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын жүзеге асыру барысы жөнінде баяндалды. Светлана Жақыпова:  халықты жұмыспен қамту...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.