Бүгін Оңтүстік Қазақстанда облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалдының төрағалығымен «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жүзеге асыру туралы» жиын өтті. Отырысқа ҚР Ұлттық экономика министрлігі бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаментінің директоры Нұрым Аязбаев, «Қазақстандық мемлекеттік жекешелік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ғалымбек Мамраев, «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ-ның вице-президенті Айдос Көбетов және Жамбыл, Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдіктерінің өкілдері қатысты.
Ұлдархан Уәлиханқызы