Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында дауылды ескерту жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» өкілдерінің мәліметінше, 13 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын күтіледі, ал күннің екінші жартысында таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр болуы мүмкін екені айтылады. Сондай-ақ, найзағай, нөсер болып, оңтүстік-батыс желінің күшеюі болжанады. Ал, 14 сәуірде ауа температурасы 2 градусқа дейін суық болатыны айтылады.
Жамбыл облысында 13 сәуірде таңертең және күндізгі уақытта жаңбыр күтіледі, ал күннің екінші жартысында қар аралас жаңбыр болжанады. 14-15 сәуірде ауа температурасы -5 градусқа дейін төмендейтіні айтылады.
Алматы облысында 13 сәуірде таңғы және күндізгі уақытта қатты жаңбыр болса, күннің екінші жартысында таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр болатыны айтылады. Ал, 14-15 сәуірде синоптиктердің мәліметінше, ауа температурасы 0-5 градусқа дейін төмендейді.
Дереккөз: Tengrinews.kz