Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-де қазақстандық полицияның 25-жылдығына бағытталған жас полицейлер мен олардың тәлімгерлерінің облыстық слеті болып өтті. Шараның негізгі мақсаты, қызметке жаңадан келген тәртіп сақшылары арасында тәрбие жұмысын ұйымдастыру, олардың патриоттық рухта жігер беру және кәсіби біліктіліктерін одан әрі нақтылау болып табылады.
Жыл сайынғы дәстүрге айналған слетке жұмыс өтіліне әлі жыл толмаған 100-ден аса жас тәртіп сақшылары мен олардың тәлімгерлері қатысты. Сондай-ақ, департамент басшылығы, ҚР Ұлттық гвардиясының және ІІО Ардагерлер кеңесінің төрағасы отставкідегі полиция полковнигі С.Тұрсынбеков қатысты.
Салтанатты шараны ашқан ОҚО ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Сұңғат Тленшин өз сөзінде, жас қызметкерлердің Ішкі істер органдары қызметіне қалыптасып, кәсіби өсуінде аға буын өкілдерінің, яғни тәлімгерлердің рөлі маңызды екендігін атап өтті.
Полиция полковнигінің баяндамасынан кейін, қызмет бабында үздік нәтижелерге қол жеткізген жас мамандар мен олардың тәлімгерлерін грамота және бағалы сыйлықтармен марапаттау рәсімі болып өтті.
Содан соң, сөз алған Ардагерлер кеңесінің төрағасы отставкідегі полиция полковнигі Сержан Тұрсынбеков полиция қатарына келген жас офицерлерді, өздеріне жүктелген міндеттерді әділетті орындап еліміз азаматтарының құқықтарын қорғауға шақырды.
ОҚО ІІД дербес бөлімдерінің бірқатар бастықтары өздерінің полициядағы көпжылдың еңбек өтілінен шығара келе, жас буын өкілдерін патриоттыққа баулыйтын ақылдарын айтып , Қазақстан Республикасының Заңдарын құрметтеуге шақырды.
Өз кезегінде жас полицейлер аға буын әріптестерінен алған ақыл-кеңестер мен жағымды ақпараттарды алдағы уақыттарда қызмет барысында қолданатындарын айтып, алғыстарын білдірді. Сондай-ақ, тәлімгерлерін ұятқа қалдыратындай әрекеттерден аулақ болуға сөз берді.
Шара барысында жас полицейлер Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарына алған асулары мен шыққан биіктерін бейнелеген деректіфильм тамашалады. Содан соң ОҚО ІІД-нің музейін аралап, оңтүстік полициясының қалыптасу тарихымен танысты.
ОҚО ІІД баспасөз қызметі