• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Сәуір 11, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ОҚО әкімі: Мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын жақсартуымыз қажет

11.04.2017
0

Бұл туралы бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен білім саласы өкілдерімен болған кездесуде айтты. Білім саласына енгізіліп жатқан жаңалықтар мен өзгерістер, өзекті мәселелерді қарастырып, талқылау мақсатында ұйымдастырылған онлайн-селекторлық жиынға аудан, қала әкімдері мен аудандық, қалалық білім беру мекемелерінің қызметкерлері сынды 1800-ден астам адам қатысты.

Мәжілісте мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және орта білім беру сапасына қатысты сөз бастаған облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков білім беру сапасын арттыру мақсатында шешімін табуды қажет ететін бірқатар мәселелерді атады.

«Алдағы төрт жылда облыста мемлекеттік бағдарлама аясында 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді 100 пайыз мектепке дейінгі ұйымдармен қамту көзделсе, осы мәселені ретке келтіру үшін 2017-2019 жылдар аралығында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 13 балабақша (2595 орындық) салу көзделіп отыр. Соның төртеуінің биыл құрылысын бастау жоспарда бар. Атап айтқанда, Шымкент қаласы (320) мен Бәйдібек (140), Отырар (240), Түлкібас (100) аудандарында конкурс жарияланып, кәсіпкерлер тарапынан нақтылы сұраныстар алынуда. Мұнан бөлек, облыстағы мектеп жасына дейінгі 3-7 жастағы мүмкіндігі шектеулі 8,5 мыңға жуық баланы инклюзивті біліммен қамтуды 25 пайызға дейін ұлғайту қажет», — деді Ұ.Сәдібеков.

Жиында саладағы өзекті мәселелер аясында Білім саласын бақылау комитетінің ОҚО бойынша бақылау департаментінің басшысы Г.Әміртаева, Қазығұрт аудандық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының директоры К.Құрбанбаева, білім саласының ардагері Н.Байғұтов және Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Ж.Тәжиева баяндама жасап, кейбір түйткілді проблемалардың шешу жолдарын ұсынды. Сондай-ақ, аталған мәселелерге қатысты пікір білдіріп, ұсыныстарын айту үшін селектор арқылы қосылып отырған аудан, қалалардың ішінен Кентау қаласы, М.Әуезов атындағы №22 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Г.Сандыбаева өзін қызықтырған мәселе аясында сауал қойса, соңғы бес жыл бойы Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, «Алтын белгі» бойынша облысымызда бірінші орынды иеленіп келе жатқан Мақтаарал ауданындағы Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының директоры Ө.Қозыбақ өз тәжірибесімен бөлісті.

1

Отырыста айтылған мәселелерді мұқият тыңдап, жиынды қорытындылаған аймақ басшысы, аудан, қалалардағы білім бөлімдерінің басшыларына жұмысты жандандырып, қолға алуды тапсырды. Бұдан былай аталған саладағы тәртіптің қатаң болатынын ескерткен аймақ басшысы облыс бойынша мектептердің рейтингісін жариялауды тапсырды. Сондай-ақ, Ж.Қансейітұлы облыстағы жоғары сапалы білім беретін 10 мектепті анықтап, сол мекемелерде селекторлық режимде тәжірибе алмасу семинарларын ұйымдастыруды тапсырды.

«Селекторлық семинардың бірін Мақтаарал ауданындағы Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясымен өткізіңіздер. Білім ошағы соңғы жылдары үздік тәжірибесімен республикаға танымал мекемеге айналып отыр. Мұнан бөлек, облыста бүгінгі таңда мектептер мен колледжде дәріс беретін 76 мың ұстаз бар екен. Сондықтан, біз ұстаз мәртебесін көтеріп, оның әлеуметтік жағдайына дейін көңіл бөліп, қолдау көрсетуіміз қажет. Яғни, оларды шетелдерде демалдыру үрдісін жалғастырып, лбаспанамен қамту жайын қолға алуымыз қажет. Мұғалімдерге құрмет болса, бәрі де дұрыс болады», — деді аймақ басшысы өз сөзінде.

4

5

 

2

 

3

Дереккөз: zakon.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Шымкент қаласында экологиялық жағдайды жақсарту және қалдықты өңдеу жүйесін дамыту жалғасуда. Осы орайда тұрғындар арасында тұрмыстық қалдықты бөлек жинау мәдениетін...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту аясында елдің оңтүстік өңірлерінде жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын, 65 мың гектар жерді суаратын 103 ирригациялық...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА 500 – ГЕ ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биыл Жапонияның Нагоя қаласында (19 қыркүйек – 4 қазан) ұйымдастырылатын XX жазғы Азия ойындарына...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Жалпы еліміздегі су тасқыны жағдайы штаттық режимде өтіп жатыр. Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде су тасқынының белсенді кезеңі...

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.