2016 жылы Қазақстанда құмар ойындары мен бәс тігу бойынша көрсетілген қызмет көлемі 21,9 млрд теңгеге жетті.
2015 жылы жылы 23,8 млрд теңге болған бұл көрсеткіш бір жылда 7,9 пайызға азайған. Ал 2014 жылы аталған көрсеткіш 24,5 млрд теңге болды, деп хабарлайды LS.
Осының ішінде тең жартысына жуығы Алматы облысына тиесілі. Қапшағайдағы ойын мекемелері мен облыстағы букмекерлік орындар 2016 жылы 10,8 млрд теңге табыс тапты.
Сонымен қатар, Алматы қаласындағы букмекерлер 6 млрд теңге тапты.
Өз кезегінде Ақмола облысындағы казинолар мен тотализаторлар 1,8 млрд теңге әкелді.
Одан кейінгі орындарда Жамбыл облысы (446,1 млн тенге), Атырау облысы (202 млн теңге), Павлодар облысы (160,6 млн теңге), Шығыс Қазақстан облысы (113,6 млн теңге), Батыс Қазақстан облысы (106,1 млн теңге), Оңтүстік Қазақстан облысы (78 млн теңге), Қостанай облысы (47 млн теңге) және Ақтөбе облысы (39,4 млн теңге), Солтүстік Қазақстан облысы (29,7 млн теңге), Қарағанды облысы (23,2 млн теңге), Қызылорда облысы (15 млн теңге) және Маңғыстау облысы (642 мың теңге).
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, ойын бизнесі ел қазынасына 10,5 млрд теңге кіріс кіргізген.
Дереккөз: naryk.kz