Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО-да көктемгі су тасқынына тосқауыл шаралары талқыланды
    Жаңалықтар

    ОҚО-да көктемгі су тасқынына тосқауыл шаралары талқыланды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа08.04.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
    Көктемгі мезгілде болуы ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу қажет. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібековтың төрағалық етуімен өткен төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою жөніндегі мәжілісте айтылды.
    Жиында ОҚО ТЖ департаментінің бастығы Нұрболат Дербісов облыс көлемінде су тасқындарының алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар мен қалыптасып отырған жағдайлар жөнінде баяндады. Оның айтуынша, бүгінгі таңда облыс көлеміндегі 43 су қоймасының  тоғызы 100 пайызға толып, транзиттік режимге көшірілген. Яғни бұл дегеніміз  су қоймаларының нөсерлеп жауған жауын-шашын мен таудағы қардың ерінді суларын қауіпсіз қабылдап өткізу мүмкіндігін төмендеткен.
    Су тасқынының алдын алу және оның салдарын жою үшін бұл бағыттағы жұмыстар басталып жүйелі жүргізіліп жатқанын жеткізген Нұрболат Бекболатұлы су қоймаларда қауіпсіз режимді сақтау барынша күшейтілгенін алға тартты.
    «Мәселен, Жамбыл облысында жауған қатты жауын-шашын мен таудағы қардың еруі салдарынан 30 наурызда Жуалы ауданынан бастау алатын  Боралдай өзенінің суы 375 см-ге көтеріліп, Боралдай елді мекенінің тұсында ағысы секундына 250 текше метрді құраған. Жергілікті әкімдік пен  полиция, өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері тұрғындармен бірігіп қорғаныс дамбаларының осал жерлерін  көтеріп, нығайтып, тәулік бойы қауіпті жерлерге кезекшілік ұйымдастыру сияқты атқарылған жұмыстар арқасында  біз үлкен тасқын суды өткізіп, Түлкібас ауданындағы бірнеше елді мекендерді су басудан қорғадық»,-деді Н.Дербісов.
    Боралдай өзенінің тасқын суы  31 наурыз күні Арыс өзеніне қосылып, судың ағысы секундына 243 текше метр  жылдамдықпен өтіп, салдарынан Ордабасы ауданы аумағындағы «Батыс Европа-Батыс Қытай» тас жолының 2226 шақырымдағы Арыс өзенінің қашыртқы каналының үстінен өтетін көпірдің тіректерінің жан-жағын шайып, опырылып құлауына әкеп соқтырған. Қалыптасқан жағдайдан болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Облыстық ТЖБ қызметкерлерімен жолға уақытша шектеу қойылып, қатынас Ордабасы ауданының Темірлан елді мекеніндегі жол арқылы жүргізілген. Осыған байланысты өзен арналарында қажетті шаралар атқару, барлық өзен сулары мен су қоймалары қатаң бақылауға алып, мониторинг жасау жұмыстары жүргізілуде.
    Жиын барысында жағдайлардың жай жапсарын мұхият тыңдаған облыс әкімінің орынбасары өңірде болуы мүмкін тасқын судың алдын алу бойынша шараларды тыңғылықты орындауды жүктеді.
    «Өңірдегі көктемгі су тасқынының ерекшеліктерін ескере отырып, оған жан-жақты дайындалмаса болмайды. Қала және  ауданға қарасты аумақтарда су басуы қауіпті жерлерде үнемі визуалды зерттеу жұмыстарын жүргізу керек. Су қашыртқы каналдар мен арықтарды қоқыстардан тазалап су өткізу қабілетін жоғарылату және су қоймаларында қауіпсіз режимді сақтауды басты негізге алу шарт»,- деді облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков.
    Жиынды қорытындылаған облыс басшысының орынбасары Ұласбек Сәдібекұлы тиісті мекеме басшыларына, сондай-ақ аудан әкімдеріне көктемгі су тасқынына  байланысты жағдайды күнбе-күн бақылап, мониторинг жасап, барлық қажетті шараларды қолға алуды тапсырды.
    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.