Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Жерұйық мекен – Жуалы  
    Жаңалықтар

    Жерұйық мекен – Жуалы  

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа07.04.2017Комментариев нет7 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түгін тартсаң, майы шығатын Жамбыл облысындағы Жуалы ауданы туралы ел арасында аңыз-әңгіме көп. Жерұйықты іздеген Асан қайғы бабамыз өзінің желмаясымен жазиралы жерлер мен асқар тауларды аралап жүріп, шөбі шүйгін, суы тұнық, көркі әсем Жуалыға аялдаған. Табиғаттың осынау теңдессіз сұлулығына риза болған бабамыз: «Паһ шіркін, әсем де көрікті өлке екенсің, алайда аумағың аттың сауырына сиярлық аядай жер болып шықтың» — деп өкініш білдірген деседі. Ия, «сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді». Асан қайғы бабамыз талай жырына қосқан, қытай саяхатшылары сұлулығына сұқтанған, орыс зерттеушілері тамсанған Жуалы Алатау мен қарт Қаратаудың бөктерінде жатыр.

    sequence-01-still003

    Табиғаты қатал болып келетін Жуалы ауданы 1928 жылы құрылған. О баста Шымкенттің құрамында болып, 1951 жылы Жамбыл облысының қарамағына өтеді. Биік жерде орналасқан бұл өлкеде сұңқарлар ұшып, тұлпарлар тұяғы тиген, ел мақтанатын дара азаматтар көптеп шыққан.

    Жуалының бағзы замандағы атауы «Мыңбұлақ» болған. Себебі мұндағы сай — салалар мөлдір бұлаққа өте бай. Әсіресе таяқ — таяқтай жасыл жуасын айтсаңызшы. Сонау бір қилы кезеңдерде тұрғындар сол жуаны теріп жеп, азық етіп аштық нәубетінен аман қалған деседі. Сондықтан да ауданның атауы — Жуалы. Тарихы тереңде жатқан қасиетті өлкеден Кеңес Одағының батыры, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы түлеп ұшқан.

    «Тәртіпке бас иген құл болмайды», «Отан үшін отқа түс — күймейсің» деп артында өнегелі өсиет сөздерін қалдырған Момышұлының майдандағы ерліктері елге үлгі, ұрпаққа ұран. 51 мың халқы бар Жуалыға барсаңыз, батырдың құрметіне қойылған алып ескерткіш алдыңыздан қасқайып қарсы алады.

     Батырлықпен қатар жазушылық қасиеті бар Бауыржан Момышұлы өзінің «Ұшқан ұя» кітабында туған жерінің ғажап өлке екенін суреттеген. Жуалыға келген жыл құстары төмендеп ұшып, Шақпақ асуы арқылы қысқы мекеніне қимай жол тартады. Бұл көрініс жер бетінде тіршілік пайда болған кезден бері жалғасып келеді екен. Сондықтан да жұлдызы да, жері де биік Жуалыны «Құс жолы» депте атаған.

    «Беу, беу, Жуалы. Жаратқандай шың-құздан. Бауыржанды туғызған. Өзің едің маған да. Өлең жолын қуғызған» деп ақындар толқып дастан жазған бұл өлкеден – Қазақстанның Халық жазушысы, сөз өнерінің нар тұлғасы – Шерхан Мұртаза шыққан. 100-ден аса баспана бар мына Талапты елді мекенінде осыдан 85 жыл бұрын қазақтың талантты ұлы дүниеге келеді. Халқы бүгінде Шер-аға деп  әспеттеген жазушының кіндік кескен жеріне барып тұрып, ағайынына сәлем бермеу әбестік болар. Сондықтан да, қазақтың қайсар Шерханы шыққан Талаптыға аялдап, қара шаңырағына арнайы бардық.

    «Айтуға ұят, айтпасаң қиянат» деп шындықтың соқпағымен жүретін жазушының туған інісі Батырхан ақсақал алдымыздан күлімдеп шығып, бәйек болып қарсы алды. Осынау дархан өңір Жуалы туралы тебіреніп кітап жазған, Жазушылар Одағының мүшесі Серік Жанәбілмен арқа-жарқа әңгіме құрып, бір марқайып қалды. Бір кіндіктен тараған Батырхан ақсақал бізді жетелеп Шерхан Мұртазаның ағаштан салынған қос қабатты саяжайына алып барды. Мұнда халық жазушысы қамсыз ғұмыр кешіп, талай туындыларын дүниеге әкелген. Бауыржан Момышұлымен бір ауылдың топырағында тай-құлындай тебісіп өскен таланттылардың танысқаны да өз алдына қызық әңгіме.

    sequence-01-still004

    Жуалы жерінің табиғаты өте көркем болғанымен, ауа-райы қаталдау. Міне осындай табиғаттың аясында дүниеге келген ұрпақ шетінен өр мінезді, қайсар батыр бітімді. Мәселен, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы мен «Даңқ» орденінің толық иегері Тайыр Тастандиевке туған өлкенің топырағы әсер еткен. Жуалы жерінен алты бірдей батырдың шыққандығын бірі білсе, енді бірі біле бермейді.

    Жамбыл облысындағы бұл ауданды батырлар ғана емес, генералдар елі деп те атайды. Мәселен Ауған соғысының ардагері, Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев та Жуалының перзенті. «Тау баласы тауға қарап өседі» деген сөз текке айтылмапты. Ертаевтың туған ауылы тау бөктеріне жапсарлас жатыр. Аудан орталығынан 30 шақырым қашықтықта жатқан ауылға жол тартып келеміз. Жолының кедір-бұдыры, әсем табиғаттың әсерінен байқалмай қалады екен. Халық қаһарманының әкесі Ертай бабаның есімімен аталатын елді мекенге жеткенде, соққан салқын желдің ызғары бетімізді бір қарып өтті. Ұзын бір көшеден құралған елді мекенге келгенде көзімізге бірден зәулім Алланың жердегі үйі меңмұндалады. Қаратаудың бөктеріндегі мекенде орналасқан «Құлбайымбет» мешіті Бақытжан Ертаевтың ықпалымен бой көтерген екен.

    Қалың ел сыйлаған, күллі жұрт мақтан еткен перзенттерімен марқаятын бұрынғы Кеңес елді мекені 2008 жылы Халық қаһарманының әкесі Ертай бабаның есіміне ауыстырылған.

    Бақытжан Ертаев жалғыз басты анасының қолында тәрбиеленіп, осы жердің мектебінде білім алған. Ақ жаулықты анасына салмақ түсірмеу мақсатында Ташкент қаласына барып, сонда училищеге оқуға түсіп, әскери өмірге жолдама алады. 1979 жылы Ауған соғысы басталғанда, кіндік қаны тамған өлкенің ақсақалдарынан бата алып, соғысқа аттанған екен. Бар-жоғы 130 шаңырағы бар Ертай елді мекенінің аты осындай азаматтарымен айбынды, әрі асқақ.

    Өзін Жуалыданмын деп есептейтін қазақ-қырғызға ортақ халық жазушысы Шыңғыс Айтматов былай деп толғаған: «Аңызға айналған Ақбидай өлкесі – Жуалы өңірі менің санамда мәңгілік қалып қойды. Бөтен елдерге сапар шеккенде мені қазақ әні «Ақбидай» әуені ерекше елітіп қуантады. Сол ән осы Жуалыда туған ғой деп ойлаймын. Қалай айтсақта, жазсақта Жуалы ақ бидайымен, батырлары, мыңбұлағы, табиғаты және тарихымен қазақ еліне ертеден-ақ белгілі» деп ой түйген.

    Талантты ұлдарды түлеткен Жуалы ауданы Арман Жетпісбаевтың да туған жері. 2008-2012 жылдары Шымкент қаласының әкімі, ал бүгінде «Казатомпром» ұлттық компаниясын басқарып отырған Арман Шәріпбайұлы мықтылар шыққан текті жердегі ұрпақтың жалғасы.    

    Бағлан Байкөбекқызы

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.