Қазақстанның Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып Рахымбеков Төлеутай Сатайұлы тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 1964 жылы 19 шілдеде Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кентінде туған. 1986 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтын тәмәмдаған. Экономика ғылымдарының докторы. Еңбек жолын 1986 жылы Қазақ ауыл шаруашылық институтының кіші ғылыми қызметкері болып бастаған. Содан кейін Жаңаарқа аудандық ауыл шаруашылық техникасы басқармасында, кәсіпкерлік құрылымдарда, Сәтбаев қаласының әкімінің орынбасары, Ауыл шаруашылық министрлігінің Басқарма бастығы, Департамент директоры, Ауыл шаруашылық министрлігінің «ҚазАгроИнновация» АҚ президенті, Премьер-Министр орынбасарының кеңесшісі қызметтерін атқарды.
Дереккөз: Kaz.tengrinews.kz
ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ
Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...










