Шегірткеге қарсы шараларға республикалық бюджеттен 1538,5 млн теңгебөлінді, деп хабарлады ҚР АШМ мемлекеттік инспекция және агроөнеркәсіптік кешен комитетінің төрағасы Ержан Айнабеков.
«2017 жылы бізде шегіртке үйірі 1 млн 570,7 мың гектар жерде шоғырланады деп күтілуде, оның ішінде италиялық прусс шегірткесі — 951,6 мың га, азиа шегірткесі – 298,4 мың га, марокка шегірткесі – 320,7 мың га. жерге таралады. Бұл былтырғыға қарағанда сәл аз. Дегенмен республикалық бюджеттен оған 1 млрд 538,5 млн теңге бөлінген. Бұл қаражат қажет пестицидтерді сатып алуға, оны сақтап, тасымалдауға жетеді», — деді Е. Айнабеков сәрсенбі күнгі брифингте.
АШМ мәліметтерінше, 10 сәуірде елдің барлық түкпіріне инспекциялар жіберіледі.
«2014 жылы біздер 4 млн гектар аумақты шегірткеге қарсы өңдедік, себебі ол жылы Ресейден шегіртке ығып келді. Ал биыл өңдейтін аудан үш есеге аз», — деді Е. Айнабеков.