Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Оңтүстікте прокурорлардың алқа мәжілісі өтті
    Жаңалықтар

    Оңтүстікте прокурорлардың алқа мәжілісі өтті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа04.04.2017Updated:04.04.2017Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде облыс прокуратурасының кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Жиынға облыс әкімі Ж.Түймебаев, облыс прокуроры И.Иманов пен құқық қорғау және жергілікті атқарушы орган басшылары, қала, аудан әкімдері, облыстық басқарма басшылары мен ОҚО ІІД жергілікті полиция қызметі және Консультативті кеңес мүшелері қатысты.

    Алқалы мәжілісті жүргізіп отырған облыстың бас прокуроры өңірімізге маңызды жаңа жұмыстың әдістері болып табылатын 12 жоба жүзеге асырылып жатқанын атап өтіп, сол жобалардың арқасында өңірдегі қылмыстың ашу деңгейі артып, құқық бұзушылық саны төмендегенін жеткізді. Бүгінгі алқалы жиында жоғарыда аталған бірқатар жобалардың орындалуы қорытындыланды.

    Аталған жоблардың бірі 2016 жылдың екінші жартыжылдығында қолға алынған «Жер учаскесін өз бетінше иеленуді жою және шешу жолдары».  Осы бойынша баяндаған облыс прокуратурасының 1-ші басқармасының бастығы Р.Дүйсенбаев жаңа жұмыс тәсілінің нәтижесінде Сайрам, Азат, Құрсай мөлтек аудандарындағы заңсыз иеленген жерлердегі 90-ға жуық іргетасы бұзылғанын мәлім етті. Сонымен қатар,  қоғамдық шиеленістерге жол бермеу үшін 167 жер учаскелері азаматтарға уақытша пайдалану құқығымен берілген, ал 180-нен астам жерлерге құқық беретін құжаттары анықталып, оларға сәйкестендіру құжатын рәсімдеу керектігі түсіндірілген.

    Мәжілісте сонымен қатар, баяндама жасаған облыс прокурорының орынбасары А.Қожахметов құқық қорғау және уәкілетті органдардың қатысуымен іске асқан «Мал ұрлығына нәтижелі тосқауыл» жобасы аясында биылғы жылдың басынан мал ұрлығы қылмысы 30,6%-ға төмендегенін айтты.

    «Аса маңызды мәселелердің бірі-мал сою алаңшалары мен мал сою бекетінің жұмыстары. Бүгінгі таңда, облыстағы 72 мал сою алаңшасы иелерінің 30-мен, 33 мал сою бекеті иелерінің 13-мен бейне бақылау камераларын орнату мақсатында меморандумдар түзілген. Ал осы жоба шеңберінде облысымыздағы 33 мал базары иелерімен ветеринарлық құжатсыз және бірдейлендіру рәсімінен өтпеген малды сатуға кіргізбеу туралы меморандумға қол қойылса, 21-не дезинфекциялық тосқауылдар орнатылды»,-деді А.Қожахметов.

    Өз кезегінде сөз алған облыс прокуроры Мемлекет басшысы Н.Назарбаев агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа бағдарламасын дайындауды тапсырғанын айтып, осы мақсаттарға қол жеткізу үшін Үкімет пен әкімдерге бес жыл ішінде 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тартуға мүмкіндік беретін жағдай жасауды міндеттегенін атап өтті. Сонымен қатар, ол аталған тапсырма алдағы уақытта мал шаруашылығын дамытуда үлкен жетістіктерге жетумен қатар мал ұрлығы проблемасын да түбегейлі шешуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

    Сондай-ақ,  прокурор өткен жылы жұмысын бастаған «Алаяқсыз қоғам» жобасы бүгінде нәтижелі жұмысымен қортындыланып отырғанын айтты.

    «2010-2015 жылдары облыс көлемінде алаяқтық қылмыс тұрақты түрде өсуіне байланысты өткен жылдың 12 тамызынан бастап «Алаяқсыз қоғам» жобасы қолға алынған болатын. Онда жоба орындаушыларымен бірінші кезекте әрбір салада яғни, жер, тұрғын үй, банк және тағы басқа жасалған алаяқтық қылмыстарының схемалары зерттеліп, оның орын алу себептері мен жолдары сол саланың өкілдерімен бірге талқыланды. Міне осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде алаяқтық қылмыс бүгінгі күні 50% төмендеген»,-деді И.Иманов.

    Аталған қылмысты тоқтатуға тек прокуратура органдары ғана емес, облыстың құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдары, соттар, нотариалдық палата, адвокаттар алқасы, екінші деңгейлі банктер және мемлекеттік емес ұйымдар ат салысқан. Жалпы бұл жоба облыста 2 бағыт бойынша  іске асырылып, нәтижелі жетістіктермен аяқталып отыр.

    Алқалы мәжілісті қорытындылаған облыс әкімі Ж.Түймебаев барлығымыздың мақсатымыз бен міндетіміздің бір екенін айтып, бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

    «Осындағы отырған баршамыздың міндетіміз ол ҚР Конституциясында жазылған құқықтық зайырлы қоғам орнату. Осы тұрғыда бәріміз бірлесіп құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысты болдырмау мақсатында арнайы жол картасын әзірлеп, еліміздің ертеңі мен жастарымыздың болашағы үшін жұмыс жасауымыз қажет»,- деді әкім.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.