Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қазақстандық студент Санкт-Петербургте болған терактіден қаза тапты
    Жаңалықтар

    Қазақстандық студент Санкт-Петербургте болған терактіден қаза тапты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа04.04.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
    Қазақстандық студент Максим Арышев Санкт-Петербургте болған терактіден қаза тапты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
    «Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің нақтыланған мәліметтеріне сүйене отырып, осыған дейін із-түссіз жоғалып кетті деп саналған Қазақстан азаматы Максим Арышевтың 2017 жылдың 3 сәуірінде Санкт-Петербургте болған терактінің салдарынан қаза тапқанын хабарлаймыз. Бұл барлығымыз үшін қайғылы жағдай», — делінген ҚР СІМ Facebook желісіндегі парақшасында.
    Қазіргі уақытта Максим Арышевтың денесі Санкт-Петербургтегі Екатерининск қалалық ауруханасында. Ата-анасы оны таныды.
    ҚР СІМ өкілдері мен Санкт-Петербургтегі қазақстандық дипломаттар Максим Арышевтың туыстарына барынша көмек көрсетеді, сондай-ақ, олар қаза тапқан студенттің денесін отанына жеткізу мәселесіне де көмек береді. «Максимның туыстары мен жақындарына және осындай адамгершілікке жатпайтын қылмыстың құрбандары болғандардың отбасына көңіл айтамыз», — делінген ҚР СІМ хабарламасында.
    Максим Арышев — Санкт-Петербургтегі Мемлекеттік экономикалық университеттің 3-курс студенті. Ол «Ақпараттық жүйелер мен технологиялар» мамандығы бойынша білім алады. Оқу орнының сайтындағы мәліметтерге қарағанда, оның оқу үлгерімі жақсы. Максим өзі Алматыдан, «Достар» халықаралық мектеп-лицейінде оқыған. «Ол мектепті 2014 жылы бітірді. Сабақты жақсы оқыды. Орта мектепті жақсы бағамен бітірді. Алтын медальға бітірген жоқ, бірақ оқуды жақсы аяқтады. Алаңдататын жағымсыз жағдай болып тұр. Барлығымыз ол үшін алаңдап отырмыз», — деген еді «Достар» халықаралық мектеп-лицейінің меңгерушісі.
    Осыған дейін қазақстандықтың достары Максим Арышев туралы айтып берген еді.
    Бүгінде қаза болғандардың саны 14-ке жетті, 11 адам оқиға орнында қаза тапты, ал үшеуі ауруханада жатып қайтыс болды. Қазіргі уақытта 49 адам ауруханада жатыр.
    Айта кетейік, 3 сәуірде Санкт-Петербург метросында болған жарылыстан кем дегенде 11 адам қаза тапты, зардап шеккендер саны 50-ге жетті.
    ef4684d4f5049fd92d7a4aafee75139c

    Жарылыс метроның екі бекетінде болған — «Сенная площадь» және «Технологический институт». Екі жарылыстан зардап шеккендер арасында балалардың бары да анықталған. Құтқарушылар жолаушыларды эвакуациялады.

    Ресейдің Федералды қауіпсіздік бюросының алдын ала нұсқасы бойынща Санкт-Петербург метросында терактіні ұйымдастырған 1995 жылғы Акбаржон Джалилов. Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті оның Ош қаласының тумасы екенін растап берді.

    Дереккөз: Tengrinews.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.