Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Мейірім мен қамқорлық сауапты іске жол бастайды
    Жаңалықтар

    Мейірім мен қамқорлық сауапты іске жол бастайды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа31.03.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бала – біздің болашағымыз. Егеменді еліміздің ертеңі болар бүгінгі жастарға тәлімді тәрбие беру ортақ парыз. Берекелі отбасының сусынына қанып өскен ұрпақ ұлағатын танытады. Ал, балалар үйіне еріксіз телінген қаракөздерді ұдайы назарында ұстайтын ел анасы Жұмазия Кішкентайқызы кезекті рет киімдермен толықтырды. Мерекелік көңіл-күй сыйлауды мақсат тұтқан жан өз қолымен тіккен ұлттық киімдерін арнайы апарып табыстады.

    saltanat-balalar-clip-001-00_00_01_08-still003

    Шымкент қаласындағы  мамандандырылған бөбектер үйі 83 сәбиді тәрбиелеп отыр. Әрбір мереке күндері арнайы шаралар ұйымдастырып, белсенділікке үйретеді. Бүгінгі Ұлыстың ұлы күніне негізделген бағдарлама да жауапты дайындықты қажет етті. Ұлттық нақышта киінген бүлдіршіндердің үлгісі өздеріне құйып қойғандай, көңілдері де тоқ. Алаңсыз ойнаған бал шақтың бақытты өтуіне ықпал жасау баршамызға міндет. Өмірде көрген түйгені мол ел анасы Жұмазия Кішкентайқызы осындай балғындардың болашағы үшін қолдан келер көмекті аямауды сұрайды.

    saltanat-balalar-clip-001-00_02_52_07-still002

    Ұлтымыздың ұлысты дәстүрімен бүгінгі мерекеде шашу да шашылды, сахналандырылған көрініс арқылы келін де түсірілді. Ең маңыздысы қаз-қаз алғашқы қадамын басқан бөбектердің тұсауы кесілді.

    Осы тұста әрбір мерекелік күндердің күнтізбесінде өз қолынан шыққан туындыларын балаларға табыстап, жанынан табылатын Жұмазия әжейдің ақыл тоқтатқан әрбір жанға айтары бар. Шетелдің ЭКСПО көрмелерін талай рет өз көзімен көрген жанның түйген ойы да ерек.

    «Ырыс алды — ынтымақ» десек, айналаны мейірімге бөлей жүріп, көңіліміздің әрдайым жайдары болатындығын ұмытпайық. Сондықтан қолдан келген көмекті бұл тұста аянып қалмаған жөн.

    Салтанат Тойболова

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.