Делегацияны ҚР Премьер-министрінің орынбасары — Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов бастап кетті.
31 наурыз бен 1 сәуір аралығында ҚР Премьер-министрінің орынбасары — Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов бастаған қазақстандық делегация Қытай астанасы Пекинде бірқатар маңызды кездесулер өткізбек, деп жазады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Делегация құрамына Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері, өңірлік салалық басқарма жетекшілері, “ҚазАгро” Ұлттық холдингі мен оның үлескер компанияларының өкілдері, ауыл шаруашылық қауымдастық жетекшілері мен бизнесмендер бар.
Шараның мақсаты – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына “Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” Жолдауын іске асыру, соның ішінде ауыл шаруашылық өнімдерінің экспортын арттыру.
Дереккөз: naryk.kz