Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Жансейіт Түймебаев «Нұр Отан» партиясында қоғамдық қабылдау өткізді
    Жаңалықтар

    Жансейіт Түймебаев «Нұр Отан» партиясында қоғамдық қабылдау өткізді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа29.03.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының  төрағасы Жансейіт Түймебаев  партия филиалының бас  ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізді.

    Қоғамдық қабылдауға келген өңір тұрғындары ауылдық жерлерде емхана ашуды сұраса, бір қатары білім және ғылым саласының жайын айтып, дамыту бойынша өз ұсыныстарын жеткізді. Алдына келген әр тұрғынның мәселесін мұқият тыңдаған өңір басшысы айтылған ұсыныстар назарға алынатынын айтып, мәселелердің заң аясында оң шешімін табатынын жеткізді.

            Мәселен, Төлеби ауданы, 1–мамыр елді мекенінің тұрғыны Қапалбай Мырзақұлов  20 мыңға жуық халқы бар ауыл округіндегі емхананың ескіргенін айтып, жаңа емхана салуға қажетті қаражат бөлуді сұрады. Облыста жыл сайын әлеуметтік нысандарды оның ішінде денсаулық сақтау нысандарын салуға айрықша көңіл бөлініп келетінін айтқан әкім ақсақалдың ұсынысы ескерілетінін айтты.

    Айта кетейік, биыл  Шымкент қаласында  жаңадан заманауи типтегі онкологиялық, туберкулезге қарсы ауруханалар мен симуляциялық орталықтың құрылысы жүргізілетін болады. Сонымен қатар, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында алдағы бес жылда облыста 10 нысанның құрылысы іске асатын болады. 

    Мұнан соң, қоғамдық қабылдауға келген  Алматы қаласының тұрғыны, қазақ театрының іргетасын қалаушы, сыншы, драматург Жұмат Шаниннің немересі Райхан Шанина атасына облыс орталығындағы академиялық театр алдынан  ескерткіш орнату жайын айтты.

    Осы ретте аймақ басшысы театр тарланының 125 жылдық мерейтойына орай облыста 20 мәдени іс-шараның жоспарланып отырғанына тоқталып,  ескерткіш орнату жөніндегі ұсыныс ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне жолданғанын жеткізді. 

             Қоғамдық қабылдауда облысымыздағы ЖОО-дағы маман даярлау ісі және білім сапасы жөнінде де  сөз қозғалды. Осы тұста өңір басшысы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті филология және тарих факультетінің деканы Нариман Нүрпейісовпен пікір алмасып, алдағы уақытта ұсыныс күтетінін айтты.  Қабылдау соңында декан  облыс әкімін оқу орнында лекция оқуға арнайы шақырды. 

    Тұрғындардың өтініш-шағымдарын тыңдаған облыс әкімі халықты мазалаған бірқатар мәселелердің шешімін табудың  заңды жолдары қарастыру үшін тиісті сала басшыларына тапсырма жүктеді.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.