Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкенттік депутаттардың неге төбелескені белгілі болды
    Жаңалықтар

    Шымкенттік депутаттардың неге төбелескені белгілі болды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа29.03.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Наурыз мейрамы қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Түлкібас аудандық мәслихаттың екі депутаты төбелесіп қалған болатын. Алпыс жасты алқымдаған халық қалаулылары бір біріне жұдықырық ала жүгіріп, нәтижесінде бірінің көзі көгерген, екіншісі жүрегі ұстап ауруханаға түскен. Кейін олар төбелестің неден туындағанын, қалай өрбігенін баяндап беріпті. Бұл туралы Ratel.kz ақпараттық-сараптамалық порталы хабарлады.

    Қос ақсақал ескі достар екен. Араларында бұған дейін де келіспеушіліктер болған. Алайда жұдырық жұмсап, жаға жыртысуға дейін бармаған екен. Бұл жолғы төбелес Темірбастау ауылың әкімін сайлаудан басталған. Төбелесуші тараптар өз адамдарын ұсынады. Сайлау нәтижесінде Меңлібеков ұсынған адам өте алмай қалады. Әйтсе де бұл кезде тараптар сабырлылық танытып, реніш танытпайды.
    «Біз ауыл әкімін сайлаған болатынбыз. Бұл Меңлібеков екеуміздің аймағымыз, сондықтан біздің өз мүдделеріміз бар. Әрине әкім тағына өзімізге жақын адамдарды қойғымыз келді. Сайлау нәтижесінде Меңлібековтің адамы жеңіліп қалды. Әйтсе де біз бұған қарамастан, достық қатынастарымызды сақтап қалдық», – дейді Маткаримов.
    Арада бірнеше күн өткен соң барып, депутат Айтбек Меңлібеков мәслихат хатшысы Өтепбай Маткаримовтың кабинетіне барады. Сол жерде досының өзін телефон арқылы жамандап жатқанын естиді. Жанжал туып, соңы жұдырық жұмсаумен аяқталады.
    «Ол маған ауыл әкімі етіп бір адамды қоятынын айтқан болатын. Алайда кейін мүлдем басқа адамды отырғызды. Мен бұған ренжіген жоқпын, біз депутаттармен бірге шай ішіп, әдеттегіндей тарастық. Екі-үш күн өткен соң оның телефон арқылы біреуге мені жамандап жатқанын естідім. Ол телефондағы адамға жаңа әкімді менің талабым бойынша қойғанын айтты. Мен ондайға төзбеймін», – дейді Меңлібеков.

    Сұлтан Жомартұлы

    «Қасым-ақпарат»

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.