Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы 2015 жылғы 24 шілдедегі №190 бұйрығын орындау аясында ОҚО ОШ және ЖДАН мемлекеттік инспектор А. Абдраманов төмендегі хабарламаны жасады, атап айтқанда:
- Шығыс тасталым сызығынан (Құркелес өзенінің сағасы) Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекарасына дейінгі Сырдария өзенінде және (Шығыс тасталым, Құркелес, Отарлы өзендерінің сағасы, Корей шығанағы) негізгі уылдырық шашу учаскелерінде 1 сәуірден 30 маусымды қоса алғандағы аралықта;
- Шардара су қоймасының су айлағында 10 сәуірден 20 мамырды қоса алғандағы аралықта;
- Оңтүстік Қазақстан облысы шегіндегі су айдындарда және Шардара су қоймасынан Қызылорда облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Сырдария өзенінде 15 сәуірден 31 мамырды қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салынады.
Егер аталған бұйрық талабын бұзған жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 383-баб 3-тармағында «Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен немесе тәсiлдермен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ өрескел бұзу –
әкімшілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралы тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады», деп көрсетілген.