• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қаңтар 3, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Түркістандағы айтыс өз мәресіне жетті

27.03.2017
0

Түрксойдың мәдени астанасы  Түркістанда халықаралық Наурыз айтысы өтті. Екі  күнге жалғасқан аламан айтысқа Қырғызстан, Өзбекстан Республикаларының  ақындары да қатысты. Қазыбек  бидің  350 жылдығын  жырға қосқан ақындар,  ел бірілігін де сөз етті. Осылайша тойы тарқамаған  рухани қалада  түркі халықтары сөз жарыстырып, 20 ақын өз өнерлерін ортаға салды.

Айтыс  қазақтан басқа  арабтың  бәдеуилер тайпасында және түркі тілдес  елдердің бірқатарында  бар.  Ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан  бұл поэзиялық жанр, дем арасында суырып-салып  айтылатын  сөз сайысы, жыр жарысы. Ежелгі дәстүр қайта жарасымын тауып, бұл жолы халықаралық деңгейде өткізіліп отырған айтыс, көне Яссыны астана еткен «ТҮРКСОЙ-дың»жемісі.

Халқымыздың біртуар тұлғасы,  ұлы үш бидің бірі Қазыбек би Келдібекұлының туылғанына биыл 350 жыл толып отыр. Көрнекті мемлекет қайраткері өз заманында талай халықаралық даулардың басын ашып, Қаз дауысты Қазыбек би атанды. Өмірден өткен соң ұлы тұлғаның асыл сүйегі Түркістанға жерленеді. Шежірелі тарихымызда есімі алтын әріптермен жазылған тұлғаның өмірін,  шығармашылығын  дәріптеу бұл жолғы айтыстың басты мақсаты. Бұл ретте Республикамызға белгілі ақындар, шет елден келген қонақтар да барын салды.

Аламан айтыстың сахнасына шыққан ақындар ежелгі өнердің  сара жолын жалғаушылар. Бұл ретте қалың көрерменнің көңілінен шығып,  қошеметіне ие болу ақындардың  басты мақсаты. Бірі салмақты сөзімен, бірі астарлы әзілімен өлең құрастырып,  халықаралық айтыстың көркін аша түсті. Жезде мен балдыз, жеңге мен қайны айтысы, бәрінен бұрын қырғыз бен қазақ айтысы жиылған көрерменнің делебесін қоздырды.

 

Алғашқы  күні 20 ақыннан іріктеліп, 10 ақын ақтық сынға жолдама алды. Барлығы да тебінгісімен таласқан жүйріктер. Бұл доданың өзге айтыстардан ерекшегілі ақындар саханада бір-бірін сынаудан гөрі, ынтымақты көбірек сөз етті. Сондай көңіл марқайтатын сәттердің  бірі қырғызстандық ақын Болот Назаров пен Қажымұқан Абзаловтың айтысы болды. Бауырластықты сый-құрметке жалғаған олар бір-біріне домбыраларын тарту етті.

Ал, аламанның Бас жүлдесінен үміткер  ақын Айбек Қалиев финалда Тайқазан мен Әз-Наурызды халқымызға қайта әкелген, Қожа Ахмед Яссауи кесенесінің қалпына келуіне ұйытқы болған Өзбекәлі  Жәнібековтің еңбегін  тебірене жырлады.

 

Аламан айтыста лағыл жырға әбден сусындаған түркістандық көрермендердің қуанышында шек жоқ. Айтыс соңында саханаға шыққан ел анасы Алатаудың ар жағынан келген көршілес қырғыз халқының ақынына «Нағашым» деп  шапан дапты. Осы бір сәт бауырлас қос елдің туыстығын арттырып, көптің көңілін толқытып тастады.

Ал күні кеше Ұлыстың Ұлы күнінде «Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атанған, халқының ерке қызы, әділқазылар алқасының мүшесі  Татьяна Бурмистрова көпшіліктің сұрауымен сахнаға шығып елге деген сағынышын әнмен жеткізді.

Екі күнге созылған аламан айтыс  өз мәресіне де келіп жетті. Жүзден жүйрік деп танылған үздіктер марапатталды. Қатысушылардың әр қайсысына ынталандыру ретінде 300 мың теңгеден табыс етілді. Айтыстың басты тақырыбы Қазыбек бидің өнегелі өмірін жырлай білгені үшін Қазыбек би атындағы арнайы жүлде, 500 мың теңгемен Анар Жаппарқұлова марапатталды. Ал, жүлделі үшінші орын 1 млн теңгеден   қырғызстандық Болот Назаров, Сара Тоқтамысова және Сырым Әуесхандарға бұйырды. Екінші орынды Асылбек Маратов пен Нұрлан Есенқұловтар өзара бөлісті. Сарыағаштық Жарқынбек Наушабеков өз тапқырлығымен 1-ші орынды иеленсе, көптен күткен бас жүлде қостанайлық Айбек Қалиевтің қанжығасында кетті.

Ботагөз Мәдібек

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Халықты отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тақырыбында маңызды кездесу өтті. Іс-шараға медицина және фармацевтика саласының мамандары, сондай-ақ өндіріс кәсіпорындарының жетекшілері қатысты....

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласының гарнизонына қарасты механикаландырылған бригадада 200 жас сарбаз Отанға адал қызмет етуге ант берді. Жаңадан әскер қатарына алынған сарбаздар...

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкентте полиция мен қоғамдық көлік жүргізушілері арасында жол қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланған кездесу өтті. Жиынның басында автобустардың қатысуымен орын...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ҚАЛАМГЕР МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Шымкентте қазақ журналистикасының көрнекті өкілі Жарқынбек Оразханның 75 жылдығына арналған «Озық ойлы – Оразхан» атты еске алу кеші өтті. Жиында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.