Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі тойланды
    Жаңалықтар

    Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі тойланды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа25.03.2017Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Наурыз – шығыс халықтарының мейрамы. Қазақ халқы үшін де Наурыз күн мен түннің теңескен, жаңа жылдың басы ретінде ерекше аталып өтеді. Бүгін Шолаққорған ауылының орталық алаңында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі тойланды. Орталық алаңда ақ шаңқай киіз үйлер тігіліп, Наурыз көже таратылды, ет асылып, дастархан жайылды. Мерекелік жиында аудан әкімі Мақсат Исаев барша жиналғандарды Наурыз мейрамымен құттықтап, жаңа жылда жаңа табыстар тіледі. Сондай-ақ, аудандық мәслихаттың шешімімен, ауданның әлеуметтік-экономикалық, рухани дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтарға Созақ ауданының Құрметті азаматы атағы берілді.

    Мереке аясында қазақтың ұлттық ойындары қазақ күресінен, гір тасын көтеру спортынан жарыстар өтіп, Наурыздың сәнін келтірді.  Орталық алаңда аудан өнерпаздары ұлттық нақыштағы ән айтып, күй тартты, би билеп, концерттік бағдарлама қойылды.

    Наурыз мерекесінде Мақтарал, Сарыағаш аудандарынан арнайы делегация келіп, Созақ өңірінің тыныс- тіршілігімен танысқанын да айта кету керек. Ұлыстың ұлы күнін тойлау ертең де жалғасады. Орталық иппадромда ұлттық ат спортының бәйге, көкпар, қыз қуу, теңге ілу сынды түрлерінен жарыстар өтеді.

    Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.