• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Қараша 9, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ОҚО әкімі іс-сапармен Өзбекстанда болды

20.03.2017
0

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев бастаған жұмыс тобы Өзбекстан Республикасына барды. Делегация құрамында Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов және индустрия, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы саласына жауапты өкілдер болды.

            Шекаралық аймақтағы қазақ-өзбек қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеру мақсатында ұйымдастырылған іссапар барысында оңтүстікқазақстандық делегация мүшелері ел астанасы – Ташкенттің сәулеттік сәнімен танысып, инфрақұрылым жүйесіне мән беру, ауыл шаруашылығын дамыту тәжірибесін бөлісу, бауырлас елдің мәдени-рухани байланысын нығайтып, ондағы қандастарды сан салада қолдау мәселелеріне назар аударды.

            Аймақ басшысы бастаған жұмысшы топ іссапар кезінде, Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл және су шаруашылығы министрі Заир Мирзаевпен кездесті. Сөз басында Премьер-министр орынбасары – Ауыл және су шаруашылығы министрі облыс әкімінің Ташкентке арнайы жұмыс сапарымен келгеніне алғысын білдіріп, елдің Тәуелсіздік алған жылдардан бергі әл-ауқатын көтерудегі жетістіктері мен оны одан әрі дамыта түсудегі жоспарларымен бөлісті.

            Өз кезегінде, сөз алған аймақ басшысы Жансейіт Қансейітұлы Оңтүстік Қазақстанда өмір сүретін өзбек ұлттарына жасалған жағдайдың бірқатарын баяндап, туысқан елмен арадағы байланысты түрлі бағытта дамытуға ниетті екенін жеткізді.

СНХ: Жансейіт Түймебаев: «Оңтүстік Қазақстан облысын Өзбекстанда жақсы дамыған жеңіл өнеркәсіп, өндіріс, ауыл шаруашылығы салаларындағы жетістіктер қызықтырады. Аталған салаларда тәжірибе алмасып, бірігіп еңбек етсек, қос мемлекетке де тиімді жобалар жүзеге асады деген сенімдемін. Мәселен, Сіздерде жасап шығарылатын ауыл шаруашылығы тракторларын сатып ала алып, Өзбекстанның сауда үйін ұйымдастыруымызға болады. Немесе, арнайы жұмысшы тобын құрып, шекаралық аймақтағы кейбір мәселелерді реттеуге атсалыссақ деген ұсыным бар. Өтйкені, Қазақстан Сіздер үшін өзге мемлекеттерге шығатын қақпа іспеттес. Мәселен, өткен жылдың өзінде, 9 млн. 400 адам қазақ-өзбек кеден бекетінен өтіп, өзге елдерге бет алыпты. Сондықтан, Оңтүстік өңірі мен Өзбекстан Республикасы барлық салада мүмкіндіктерін біріктіруі керек деп есептеймін», — деді Ж.Түймебаев.

            Вице-премьермен болған отырыста өңір басшысы қос мемлекеттің туризмді дамытудағы ортақ мүдделері мен шекаралық аймақта орын тепкен ОҚО аудандарының ауыз су мәселелерін де талқыға салды.   

            СНХ: Заир Мирзаев, Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл және су шаруашылығы министрі.

            Осы ретте, айта кеткен жөн, Оңтүстік Қазақстаннан Өзбекстанға экспортталған тауарлардың құны былтыр 274 млн. АҚШ долларын құраса, аталған республикадан өңірімізге импортталған өнімдердің қаржысы 375 млн. АҚШ долларына жеткен.

            Өзбекстанға сапары кезінде, ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев Ташкент қаласының әкімі Рахманбек Усмановпен кездесті.

СНХ: Жансейіт Түймебаев:

            Өзара әңгімеде шаһар басшысы Ташкенттің күнгей аймағымен сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарының нығайып келе жатқанына ризашылығын білдіріп, кәсіпкерлік саласындағы жетістіктеріне тоқталды. Айтуынша, Өзбекстан астанасында бүгінде 55 мыңнан астам кәсіпорын шағын және орта кәсіп аясында жұмыс істесе, оның басым бөлігі қызмет көрсету саласы мен өнеркәсіп үлесінде екен. Қалада жыл сайын бизнес бастап, ісін жолға қойып жатқан кәсіпкерлер көбейген. Мәселен, жыл басынан бері бір ғана Ташкенттің өзінде 2,5 мыңға жуық кәсіпорын ашылып, жұмысын бастап кетіпті.

            СНХ: Рахманбек Усманов, Ташкент қаласының әкімі

            Сөз кезегін алған аймақ басшысы Ташкенттің сәулеттік сәні жағынан сұлу қалалардың біріне айналғанын тілге тиек етіп, бірқатар жобаларда бірлесе жұмыс істеуге дайындығын мәлімдеді. Мұндағы шаруалардың ауыл шаруашылығындағы жетістіктеріне тәнті болған әкім көрші елдің үздіктерін өңірімізге арнайы шақырып, сәуір айының соңына қарай Оңтүстік Қазақстанда өзбекстандық тауар өндірушілердің көрмесін ұйымдастыру бойынша келісімге келді.  

            Жалпы, Өзбекстанға жасалған екі күндік іссапар кезінде облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бастаған делегацияны Ташкент облысының әкімі Шукрулла Бабаев түрлі салалардағы жұмыстарымен таныстырып алып жүріп, ондағы трактор шығаратын зауытты, жеміс-жидектерден құрғақ өнім дайындайтын өндіріс орындарын, табиғи тас алатын карьерді көрсетті.

Сонымен бірге, оңтүстікқазақстандық топ мүшелері туысқан елдегі Жоғарғы Шыршық ауданы мен Алмалық қаласында болып, ондағы қандастарымыздың наурыз дастарханынан дәм татты.

Интершум: Киіз үй жанында қазақша домбырамен қарсы алу

Өзбекстандық қазақ жастарын елімізге шақырып, жоғары білім беру, мәдени-рухани байланысты арттыру сынды мәселелерде жан-жақты қолдаулардың болатынын жеткізді.

Тамыры бір туысқан елдердің қарым-қатынасы жаңа деңгейге көтерілуі шекаралық өңірлердің әлеуметтік ахуалына оң ықпалын тигізері анық. Қос тараптың өкілдері де келіссөздер барысында мұны айқындай түсіп, ортақ мақсатқа бірлесіп жұмылатын болып тарқасты.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Айғақ медиа
07.11.2025
0

 Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
22.10.2025
0

Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

Айғақ медиа
21.10.2025
0

  Кәрімбек Құрманәлиев Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Құрметті профессоры» атанды. Белгілі ғалым оқу ордасының студенттері, магистранттары және докторанттарымен кездесті. Кездесу...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.