Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкентте «Еңлікгүл» орталығы бой көтереді
    Жаңалықтар

    Шымкентте «Еңлікгүл» орталығы бой көтереді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа18.03.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
    Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен Шымкент қаласының сәулеттік келбеті бойынша өткен мәжілісте айтылды. Жиынға салаға қатысы бар басқарма басшылары мен Шымкент қаласы әкімдігінің тиісті сала жетекшілері қатысты.
    Аймақ басшысы, ең алдымен, Шымкент қаласын аралау барысында болған бірқатар кемшіліктерге тоқталып, Арғынбеков көшесі, Темірлан тас жолы және басқа көшелердегі орын алып жатқан тұрғын үйлердің қасбеттері мен аулаларының сәулеттік келбеттері талапқа сай еместігін, біркелкі сәулеттік стильдің жоқтығына назар аударды. Сондай-ақ, бас жоспар бойынша жасалып жатқан құрылыс жұмыстарының жүйелілігінің тиісті мамандар тарапынан қадағаланбауының салдарынан қала келбетінің келеңсіз жағдайда қалып отырғанын атап өтті. Әр басқарма өз саласына қатысты тиісті жұмыстарын уақытылы және сапалы атқаруы қажеттігін талап етті.
    «Шымкент қаласының Бас жоспарындағы тұжырымдамаға сәйкес, қала аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарының басты бағыттарын анықтап, бір жүйеге түсіру амалдарын қарастыру бүгінгі мәжілістің күн тәртібіне қойылған. Д.Қонаев гүлзарын Ташкент бағытына шығару, қала орталығындағы Қошқар ата өзенінің бойын абаттандыру және «Ескі қалашық» аумағын реттеу жұмыстарының барысында анықталған мәселелер осындай мәжілістерде талқыланып, оң шешімін табуы тиіс. Қазіргі таңда қалалық Қала құрылысы Кеңесінің және облыстық Қала құрылысы Кеңесінің арасында болып жатқан алшақтықтың салдарынан жоғарыда айтылған кемшіліктер орын алып отыр. Осыған байланысты, облыстық Қала құрылысы Кеңесінің құрамын қайта қарап, жұмысын жандандыру бірінші кезектегі мәселе», — деді Ж.Түймебаев.
    Басқосуда аймақ басшысы жоғарыда айтылған мәселелердің маңыздылығын ескере отырып, республикамыздың басқа қалаларында, әсіресе, Астана және Алматы қалаларында іске асырылып жатқан заманауи сәулеттік жобалардың авторларын өңірге шақырып, тәжірибе алмасу жұмыстарын жолға қою қажеттігін ескертті.
    Осы тұрғыда Алматыдан арнайы шақырылған «Эффект» ЖШС-нің директоры Жандос Нұрбековтың 3D форматындағы екі жобасының бейнеролигі таныстырылды. Оларды талқылау барысында «эдельвейс» немесе «еңлікгүл» гүліне ұқсас етіп жасалған ойын-сауық орталығының (аумағы 4-6 га жерді қамтиды) жобасын Шымкент қаласында, атап айтқанда, бүгінгі таңда игеріліп жатқан «Тұран» шағын ауданына салу ұсынылды. Ал тарихи-этнографиялық туристік нысан ретінде таза қазақ ауылын елестететуді мақсат тұтып, көрсетілген екінші жобаны Түркістан қаласына салудың  мүмкіндігін қарастыру тапсырылды.
    Айта кететін жағдай, еңлікгүл үлгісіндегі мұндай нысан ТМД елдерінде жоқ. Ал Түркістанда салынуы тиіс жобаның ерекшелігі – оның бағзы заманның шынайы көрінісін қалыптастыруында. Яғни, рухани астанада аталған жоба бой көтеретін болса, автокөлік, электр бағаналары сияқты бүгінгі өркениеттің қажеттіліктері болмайды.
    Кездесуде Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов шаһардың сәулеттік келбеті бойынша баяндама жасап, Шымкент қаласы бас жоспарының өзектендіру жұмыстарының 1-ші және 2-ші кезеңі орындалып қабылданғанын, енді 3-ші кезеңнің жұмыстарын жүргізу 2017 жылдың наурыз айына жоспарланғанын жеткізді.
    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.