Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шатқалдар демалыс орнына айналмақ
    Жаңалықтар

    Шатқалдар демалыс орнына айналмақ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа18.03.2017Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Ордабасы ауданындағы шатқалды аумақтар келешекте саябаққа айналады. Облыс әкімі Ж.Түймебаевтың бастамасына үн қосқан ордабасылықтар бүгін жалпы аудандық сенбілік ұйымдастырып, көшет егуді жалғастырды. Аудан әкімі А.Мамытбеков ауыл округтерді аралап, сенбілік барысымен танысты.
    Әсіресе, Шұбарсу ауыл тұрғындары аталмыш шараға аса белсенді қатысып, шатқалды аумақты көгалдандыруға өз тараптарынан да үлес қосуда. Ауыл тұрғыны Оразбаева Гүлжан бүгінгі сенбілікке өз отбасының атынан 30 шырша көшетін ала келген. Сонымен қатар, Гүлжан мұндағы егілген ағаштардың барлығын ауылдастарымен бірлесіп күтімге алатындарын атап өтті.
    Қажымұқан, Қараспан, Бөген, Жеңіс ауылдарының азаматтары да сенбіліктен тыс қалмай, Ордабасы өлкесін көгалдандыруға ат салысты.
    Аудан басшысы ауыл әкімдеріне көшеттерді ерекше күтімге алу жөнінде арнайы тапсырма жүктеді. «Еңбек зая кетпесін. Осы ағаштардың жапырақ жайып, жайқалуы сіздерге байланысты. Ұйымдастырыңыздар және қадағалаңыздар», — деді Алмасбек Кеңесбекұлы өз сөзінде.
    Бүгінгі сенбілік Ордабасы ауданының Наурыз мерекесіне дайындығын тағы бір пысықтады. Ендігі кезекте, ауыл тұрғындары түбі түркі жұртына ортақ Жаңа жылды жақсы көңіл күймен қарсы алары сөзсіз.

    Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.