Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»АУДАН ӘКІМІ ЖҰДЫРЫҚТАЙ ЖҰМЫЛУҒА ШАҚЫРДЫ
    Жаңалықтар

    АУДАН ӘКІМІ ЖҰДЫРЫҚТАЙ ЖҰМЫЛУҒА ШАҚЫРДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа18.03.2017Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін Ордабасы ауданының қоғамдық кеңесінің кезекті ІІІ/17 отырысы өтті.
    Күн тәртібіне орай, Ордабасы ауданының әкімі Алмасбек Кеңесбекұлы Мамытбеков атқарылған жұмыс барысы мен биылға межеленген жоспарлар туралы баяндама жасады. Аудан басшысы қоғамдық кеңес мүшелеріне: «Жалғыздың үні, жаяудың шаңы шықпайды. Сондықтан, мен атап өткен жоспарлардың жүзеге асуына баршаңыздан қолдау күтемін. Алдымен, өлкеміздің тазалығын қолға алсақ. Әр ордабасылықты осы өңірдің дамуына үлес қосуға ынталандырсақ, кез келген қиын жұмыс жеңілдер еді» , — деп сөзін түйіндеді. Қажымұқандық ардагер Медеу Сағымбеков аудан басшысының есебіне жақсы баға беріп, соңғы кезде көп көтеріліп жүрген мәселе — кооперация құруға қатысты нақты ұсыныстарын жеткізді. Ал, Қажымұқан ауыл округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Лесбек Жүсіп елді мекендерді газдандыруға қатысты сұрақ қойып, оған «Дос и К» ЖШС директорының орынбасары Сұлтан Калиакпаровтан тиянақты жауап алды. Бұл мекеме қазіргі уақытта Темірлан ауылы маңындағы газ тарату стансасының құрылысын жүргізуде.
    Мінберге екінші болып Бөржар ауыл округінің әкімі Саттар Жолболды шығып, суармалы жерлердің игерілуі мен арналардың бүгінгі жағдайы туралы баяндады. Сондай-ақ, қоғамдық кеңес мүшелері аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Болат Әлішевтың да есебін тыңдады.

    Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.