Өткен жылы ОҚО-сы бойынша жол саласына 25 млрд 490 млн тенгеден астам қаржы қаралған. Нәтижесінде былтыр 305 нысан немесе 640 шақырым жолдар, көшелер және аяқжолдарға құрылыс жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 17 көпірдің құрылысы аяқталып пайдалануға берілген. Ал жол саласын ретке келтіру бағытына биыл да 29 млрд тенгеден астам қаржы бөлініп 550 нысан бойынша құрылыс-жөндеу жұмыстары атқарылады деп күтіліп отыр. Бұл туралы ОҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрлан Байғұт арнайы баспасөз жиынында мәлім етті.
Абай Омар