Наурыз мерекесі қарсаңында Созақ ауданы мәслихатының 6-шы шақырылымындағы 10 сессиясының шешімімен ауданның экономикалсы мен рухани дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтардың еңбегі еленіп «Ауданның құрметті азаматы» атағы берілді. Соның ішінде елімізге танымал ақын, жазушы Жарылқасын Боранбаев «Созақ ауданының Құрметті азаматы» атағымен марапатталды. Жарылқасын Боранбаев ұзақ жылдар аралығында Халық ағарту саласында еңбек еткен. 1995 жылдан Созақ аудандық «Молшылық үшін» газетінің редакторы болып қызмет атқарды. «Көктем тынысы», «Жанартаулар», «Мәңгілік өмір», «Гүлдесте», «Жаздын жылы жаңбыры», «Мазасыз әлем» жыр жинақтарының, «Баба Түкті Шашты Әзіз», «Қарабура», «Ұлылардың үлағаты» деп аталатын тарихи танымдык кітаптардың авторы. Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағының мүшесі. Айта кетейік, елімізге белгілі қаламгерді мұндай мараптақа «Айғақ» республикалық газетіне ұсынған болатын.
ПРЕЗИДЕНТ ҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысып, елордадағы «Ұлытау» аллеясында ағаш отырғызды. Президентпен...