Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Денсаулық»Елімізде денсаулық сақтау ұйымдарының шамамен жартысы типсіз ғимараттарда орналасқан
    Денсаулық

    Елімізде денсаулық сақтау ұйымдарының шамамен жартысы типсіз ғимараттарда орналасқан

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа16.03.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгінде түрлі өңірлердегі 9 денсаулық сақтау нысаны сенімді басқаруға өткізілді. Азия даму банкі Қазақстан медицинасындағы 4 МЖӘ жобасының іске асырылуын сүйемелдейді. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясы барысында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, дейдіpm.kz.

    «Қазіргі таңда денсаулық сақтау жүйесіне жеке инвестицияларды тарту өте өзекті. Себебі, денсаулық сақтау – ұдайы инвестицияларды талап етіп отыратын сала», — деді Е. Біртанов.

    Денсаулық сақтау нысандарының белсенді жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары мен салаға жыл сайын артып жатқан бюджеттік қаражаттарды ескермегенде, ҚР денсаулық сақтау секторындағы инфрақұрылымдық жетіспеушілік бұрынғысынша жоғары болып қала бермек. Денсаулық сақтау ұйымдарының 60%-дан астамы пайдалану мерзімі пайдалануға берілген кезден бастап 30 жылдан астам уақытқа жарамды ғимараттарда орналасқан, олардың шамамен жартысы типсіз ғимараттарда орналасқан, денсаулық сақтаудың көптеген ұйымдары қажетті жабдықпен қамтамасыз етілмеген. Бұл, министрдің айтуынша, қаражатты ескірген ғимараттарға ұтымсыз пайдалануға, аураханаларды басқарудың шығынына, заманауи технологияларды енгізудің төменгі қарқынына әкеліп соғады, нәтижесінде ұсынылатын қызметтердің сапасына әсерін тигізеді.

    Инфрақұрылымды дамытуға және медицина саласына заманауи технологияларды тартуға деген қажеттілік елеулі бюджеттік шығындарды талап етеді. Аталған жағдайда МЖӘ қажетті қаржы қаражаттарын тартудың негізгі құралы болмақ.

    Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, жеке инвесторларға ұсынылатын құрылыс, жекешелендіру және сенімді басқаруға қажетті нысандар тізімін құрастырды. Инвесторларға екі бағыт ұсынылады. Біріншісінің аясында жеке инвестор өз қаржысына денсаулық сақтау нысандарын тұрғызады, ұзақмерзімді келісімшарт негізінде өз шығындарын өтеп алып, пайдалану мерзімі аралығында қызметпен байланысты пайда табады. Екінші бағыт аясында инвестициялық жүктемені қысқарту үшін Денсаулық сақтау министрлігі басқаруға қолданыстағы, бірақ тиімділігі төмен мемлекеттік нысандарды алуды ұсынады. Екі бағыт бойынша да жергілікті атқарушы органдар белсенді жұмыс жүргізуде. Әртүрлі өңірлердегі 9 нысан бүгінде басқаруға өткізілген.

    «Біз жеке сектордың күрделі жөндеу жұмыстарын, қайта жабдықтау, санитарлық көлік сатып алуға инвестиция құюға мүмкіндігі бар деп есептейміз, бүгінгі қаржыландыру түпкілікті нәтижеге әкеледі. Болашақта МӘМС жүйесінде де осылай түпкілікті нәтиже бойынша нақты бағаланатын болады», — деді министр.

    Азия даму банкімен емханалық көмек саласында МЖӘ бойынша 4 пилоттық жобаны дайындау бойынша келісімге қол қойылған. АДБ 2016 жылы пилоттық жобаларды дайындауға 200 мыңнан астам АҚШ долларын бөлген. 2017 жылы банк аталған салаға 500 мыңнан астам доллар бөлуге дайын.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.