Оңтүстікте жыл соңына дейін 100–ге жуық кооперация құрылады. Ол үшін қазынадан 12,5 млрд теңге бөлінбек. Бұл мал және құс, егін шаруашылығымен айналысатын жандарға және де сүт бағытын, балық шауашылығын қолға алып, жылыжайды дамытамын деушілерге тиімді болмақ. Осы мақсатта, Оңтүстік шаруалары мен қаржы ұйымдары және аудан басшылары облыстық семинарда бас қосты. Жылыжай кешенінде облыс әкімінің қатысуымен өткен шара алдағы бейнесюжетте.
Еңлік Заманхан