Бүгінде отандық білім беру саласында-кәсіптік білім беру бағытына баса назар аударылуда. Бұл ретте Үкімет тарапынан кәсіптік білім беретін оқу орындарына тиісті жағдай жасалып, сұранысқа ие мамандарды даярлауда белсенді жұмыстар атқарылып отыр. Әсіресе аталмыш оқу орындарын бітіріп шыққан мамандардың тұрақты жұмыспен қамтылуы негізгі міндеттердің бірі. Айталық, Қазығұрт ауданындағы №11 колледжді тәмамдап шыққан жас мамандарының жұмысқа орналасу көрсеткіші 90 пайызға жуықтап отыр. Фермер шаруашылығы, ғимараттар салу және пайдалану, дәнекерлеу ісі сынды 7 техникалық мамандық бойынша білім беріп келе жатқан іргелі оқу орнының бүгінгі тынысы алдағы бейнематериалда.
Абай Омар