«Айғақ» телеарнасы әр аптаның демалыс күндері Республикамыздың түкпір — түкпіріндегі тарихи, киелі орындарынан түсірілім жасап, оңтүстік көрермендерінің назарына ұсынуда. Осы мақсатта, өткен сенбі күні арнаның шығармашылық тобы көршілес жатқан Жамбыл облысына сапар шегіп қайтты.
Ең алдымен Т.Рысқұлов ауданында орналасқан 8-9 ғасырдағы киелі орын, ЮНЕСКО-ға енген Ақыртасқа табан тіреп, қысқа метражды репортаж әзірленді. Ғаламның сегізінші кереметі саналатын бұл киелі орын туралы дайындалған арнайы репортажды алдағы уақытта назарларыңызға ұсынатын боламыз.