ОҚО мәслихатының депутаты Өркен Есейұлы 1975-ші жылы тұлпарлар шауып, сұңқарлар қонған Түлкібастың Машат ауылында өмірге келген. «Тал ек, гүл ек, туған жерді түлет!» дейтін ұстанымды сәби шақтан санасына сіңірген азаматтың ауылында оңды істер расында жетерлік. Халық қалаулысы кіндік қаны тамған ауылдың әлеуметтік жағдайына бей-жай қарай алмайды. Сондықтан да болар азаматтың атқарған тындырымды істерін ауылдың кәрі-жасынан сұрай қалсаңыз, еш тосырқамастан айтып бере алады. Халық қалаулысының бала күнгі арманы туған ауылын көркейтіп, қамқоршысы атану болатын. Бүгінгі күні туған жерін заманның ағымына ілестіріп отырған азаматпен арнамыздың тілшісі сұхбаттасты.
Ботагөз Мәдібек