Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Оңтүстікте шегірткеге қарсы күрес жұмыстары 276 мың гектар алқапта жүргізіледі
    Жаңалықтар

    Оңтүстікте шегірткеге қарсы күрес жұмыстары 276 мың гектар алқапта жүргізіледі

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа11.03.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында үйірлі шегіртке тектес зиянкестерге қарсы химиялық күрес шаралары  276 мың гектар  жерге жүргізіледі. Оның  59 пайызы яғни  163,5 мың гектары  жер үсті агрегаттарымен, 40 пайыздан астамы авиациямен, 1 пайызға жуық алқап аспалы бүріккіштермен өңделеді. Бұл туралы облыс əкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен өткен жиында Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекция басшысы Нүркен Бадырақов мәлім етті.

    Инспекция басшысының айтуынша, химиялық күрес шаралары  былтырғыдан екі есе артығымен атқарылатын болады. Оның ішінде марокко шегірткесіне қарсы шаралар  257,58 мың гектарда,   азиялық шегірткеге қарсы  12,4 мың гектарда, итальяндық прус шегірткесіне қарсы  5,92 мың гектарда  жүргізіледі.

    «Өңделетін алқаптың 51 пайызы яғни  140,35 мың гектары  Сарыағаш ауданына тиісілі болса, 20 пайызы немесе 56,3 мың гектары  Арыс қаласына  тиесілі.  27,2 мың гектар  Шардараға, 7 пайызға жуығы немесе 20,0 мың гектар  Ордабасы ауданына,  8  мың гектары Бәйдібек ауданына тиесілі.  Облыстық аумақтық инспекция тарапынан өңдеу жұмыстарын сапалы жүргізілуін бақылауға, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге аудандар бойынша 42 инспектор және 18 автокөлік бөлінеді» , — дейді Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекция басшысы Нүркен Бадырақов.

    Айта кетейік,  257,58 мың гектар  алқапта химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін 1574,7 мың гектар  алқапта анықтау-зерттеу жұмыстары жүргізу жоспарланыпты. Оған «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдау әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің облыстық филиалы тарапынан штат бойынша 58 адам бөлініп отыр. Бұған қосымша 3 айға уақытша жұмысқа тарту арқылы 33 адам тартылып,  барлығы 91 адам анықтау-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

    Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев үйірлі шегірткеге қарсы күрес шараларын жоғары деңгейде ұйымдастырып, зерттеу-анықтау шараларын тыңғылықты әрі сапалы жүргізуді ескертті.

    «Үйірлі шегірткеге және өзге де зиянкестерге қарсы химиялық күрес шараларына  аса жауапкершілікпен қарау керек. Өңдеу жұмыстарына қажетті техникаларды дер кезінде бөлу мен қажетті мамандарды бөлуді аудан және  қала басшыларына тапсырамын» , — деді Жансейіт Қансейітұлы.

    Анықтау-зерттеу жұмысын сапалы жүргізу үшін аудандық, қалалық жұмыспен қамту орталықтарынан қосымша 287 анықтаушы  бөлінетін болады. Марокко шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстарына 71 дана жер үсті агрегаты, 5 дана АН-2 ұшағы қаралып отыр.

    Жер үсті агрегаттарының өңдеу қуаттылығы күніне 100 гектар.  Күніне 7,1 мың гектар  өңделсе, жоспарланған 163,17 мың гектарды 23 күнде аяқтауға болады.  Ал,  Ан-2 ұшағының өңдеу қуаттылығы күніне 1,2 мың гектар.  Ұшақ  күніне 6,0 мың гектарды өңдесе, жоспарланған 99,71 мың гектарды 17 күнде, жалпы химиялық өңдеу жүмыстары 23-25 күнде аяқталады.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.