Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Атырау облысының әкімі үркіту-қорқыту мәніндегі хаттардың түсіп жатқанын мәлімдеді
    Жаңалықтар

    Атырау облысының әкімі үркіту-қорқыту мәніндегі хаттардың түсіп жатқанын мәлімдеді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа07.03.2017Updated:07.03.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев құқық қорғау органдарынан және әкімдік өкілдерінің тарапынан браконьерлерге «жебеушілік көрсету» туралы ескертулердің түсіп жатқанын мәлімдеді, — деп хабарлайды ATPress.kz. «Құқық қорғау органдары басшыларынан және әкімдік өкілдерінің тарапынан жебеушілік көрсету деректері бар. Көптеген хаттар аламын, онда ашық немесе аноним түрде осы деректер айтылады. Тағы да хабарлаймын, әрбір адам жеке жауапкершілік арқалайды. Ешқандай жебеушілік болмауы тиіс, осы мәселені шешулеріңізді сұраймын. Өздерінің үш-төрт қайығын беретінін айтады, сосын оған тиіспейді», — деді өңір басшысы Атырау облыстық прокуратурасындағы координациялық кеңес отырысында. Жиынға Атырау қаласының әкімі, облыс әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының басшылары, балық аулау және өңдеу кооперативтері өндірістерінің жетекшілері және басқа да органдардың өкілдері қатысты. Кездесуде кәсіпкер Әбдібек Бисенов атыраулық өндіруші кооперативтеріне мердігер болып жалданып, аулау маусымында заңсыз балық аулап жүрген ресейлік балықшыларға қатысты шара қолдануды сұрады. Айтуынша, өткен жылы Құрманғазы ауданында осылайша Астрахан облысының 30-40 қайығы балық аулаған. Ал биыл алдағы балық аулау маусымында олар тағы да кейбір қазақстандық кооперативтермен келісім жасап жатыр-мыс. «Мұнда шекарашылар бар, бұл сіздерге де қатысты. Құқық қорғау қызметтеріне айтқан жебеушілік туралы сөз сіздерге де қатысты. Нақты белгілері бар. Астрахан облысынан келіп, біздің табиғат пайдаланушыларымызға жалданса, неліктен олар шекарадан асып, тауарды әкетіп жатыр? Міне сұрақ. Әскери прокурор, бұл сізге де қатысты. Әркім өз өкілеттігінің аясында айтылған ұсыныстарды ұғып, айналысуы керек», — деді Ноғаев. Облыс басшысы алқа қабылдаған шешімге кедергі келтірген немесе құлақ аспаған кез келген лауазымды тұлғаға шара қолданудың жолын табуға уәде берді. Сонымен қатар, әкім шенеуніктерді қорқытып, отбасыларын өлтіріп кететінін айтып жүргендердің ісі туралы көптеген шағым түсіп жатқанын айтты. «Браконьерлікпен күрес амалдарын қатаңдатқан соң маған Facebook желісіндегі жазбаның пікірлерін оқытты. Онда былай делінеді: «Иә, әкімдік дұрыс бағытта жүріп келеді, бастысы Ноғаевты Еділ өзеніне тұншықтырып өлтірмесе болғаны». Бұл да өзіндік қорқыту ғой», — деп келтіреді әкімнің сөзін «Мой Город». «Арнайы органдар мен құқық қорғау органдарынан осы мәселемен айналысуды сұраймын. Ерікті түрде қызмет етіп, қорықпай, мемлекет қолдауына сенетін мемлекеттік қызметшілерге қатысты осындай қорқытып-үркіту мәніндегі сөздерді тарататындарға төтеп беру керек», — деп мәлімдеді Ноғаев.
    Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.