Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Ж.Түймебаев қоғамдық кеңес мүшелеріне өткен жылдың есебін баяндады
    Жаңалықтар

    Ж.Түймебаев қоғамдық кеңес мүшелеріне өткен жылдың есебін баяндады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа02.03.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңес отырысына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, облыстық мәслихаттың хатшысы Қайрат Балабиев, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық басқарма басшылары, қалалық, аудандық қоғамдық кеңес төрағалары мен мәслихат хатшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

    Отырысты облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Өмірзақ Мелдеханов ашып, жүргізіп отырды.

    Күн тәртібінде облысы әкімі мен облыстық мәслихат хатшысының және қоғамдық кеңес тарапынан атқарылған жұмыстар бойынша есеп тыңдалды.

    Қоғамдық кеңес мүшелерінің алдында өткен жылдың есебін баяндаған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында Оңтүстік Қазақстанда көптеген жаңа нысандар пайдалануға беріліп, барлық аудан, қалаларда «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына тарту» айдарымен 119 әлеуметтік нысан ел игілігіне ұсынылғанын жеткізді.

    «2016 жылғы қорытындылар бойынша облысымызда өнеркәсіп саласында 776,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, есепті кезеңмен салыстырғанда 106,3 млрд. теңгеге немесе 4,4%-ға өскен. Өткен жылы 7,4 млрд.теңгеге 600-ден астам жұмыс орнын құрайтын 19 жоба іске қосылды. Бүгінгі таңда 11 индустриалдық аймақтың 7-уі толыққанды жұмысқа кірісті. Мұнда 2016 жылы 15 жоба іске қосылып, 6 млрд. теңге инвестиция тартылды», — деді әкім.

    Мұнан бөлек, әкім, өз сөзінде, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 303 жобаға қолдау көрсетіліп, 2 126 жұмыс орны қалыптасқанын, барлық аудан, қалаларда «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары арқылы» 37 232 адамға көмек көрсетілгенін мәлімдеді. Осынау мерзім ішінде облыс экономикасына жалпы 380,6 млрд. теңге инвестиция тартылып, агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдаудың арқасында 445 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 4,9 пайызға артқанын алға тартты. Құрылыс жұмыстарының көлемі 2,3%-ға өсіп, 211,9 млрд. теңгеге жеткеніне тоқталған Жансейіт Қансейітұлы жыл басынан 530 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен кезеңмен салыстырғанда 19%-ға көбейгенін хабарлады. Денсаулық саласында да жетістіктер жетерлік. Атап айтқанда, денсаулық сақтау саласында 4, білім саласында 39, мәдениет саласында 8, спорт саласында 2 нысан  пайдалануға тапсырылса, 24 ауыз су, 25 табиғи газ нысаны ел игілігіне берілген. Ал 640,9 шақырым автомобиль жолдары мен елді мекен көшелеріне құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіліпті.

    Осы сынды өткен жылдың атқарылған шаруасына тоқталған аймақ басшысы осы жылдың да жұмыс жоспарымен бөлісті.

    Қоғамдық кеңес отырысында, сонымен бірге, облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев пен облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Өмірзақ Мелдеханов саладағы атқарылған жұмыстар аясында баяндама жасады.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.