Бүгін, яғни 1-наурыз күні ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және де Түлкібас аудандық мәслихат депутаттарының қолдауымен облыс әкімінің Өкімімен Нұрбол Тұрашбеков Түлкібас ауданының әкімі болып тағайындалды.
1980 жылы туылған Төлебидің тумасы Нұрбол Әбдісаттарұлының білімі жоғары, инженер-экономист, инженер-жерге орналастырушы.
Еңбек жолын 2001 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында «ОңтүстікҚазақстанжер Ғылыми өңдірістік орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорынының Ордабасы жер-кадастрлық бюросында жерге орналастырушы ретінде бастаған.
2002 жылы Ордабасы аудандық жер-кадастрлық бюросының меңгерушісі, 2009 жылы Сайрам жер-кадастрлық бюросының директоры, 2010 жылы «ОңтүстікҚазақстанжер Ғылыми өңдірістік орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорынының директоры, 2012 жылы Астана қаласындағы «Жер Ғылыми өңдірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Бас директорының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған.
2016 жылдың сәуір айынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» дирекциясы директорының орынбасары, «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» дирекциясы Мемлекеттік жер кадастры басқармасының басшысы лауазымын атқарып келді.
Еске сала кетейік, ауданның бұрынғы әкімі жуырда ОҚО әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.