«Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары ауысты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. «Мемлекет басшысының Өкімімен Нұрлан Оразұлы Оразов Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары қызметіне тағайындалды», — делінген хабарламада. Ал осы қызметте болған Руслан Ысқақұлы Омаров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары қызметінен босатылды.
Дереккөз: Kaz.tengrinews.kz