Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Оңтүстікқазақстандықтар Алғыс айту күнін кең көлемде атап өтті
    Жаңалықтар

    Оңтүстікқазақстандықтар Алғыс айту күнін кең көлемде атап өтті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа01.03.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін Оңтүстік Қазақстанда 1 наурыз күні – Алғыс айту күніне арналған салтанатты шара өтті. Шымкенттегі «Royal rose» салтанат сарайында ұйымдастырылған шара, ең алдымен, 200 жастың «Мың алғыс!» флешмобымен бастауын алып, этномәдени бірлестіктердің өкілдері тарапынан бейбітшілік белгісі ретінде 1000 шар әуеге ұшырылды.

    m-als

    Мерекелік кездесудің негізгі бөлігі салтанат сарайында жалғасып, өткен ғасырда қазақ жеріне  күштеп қоныс аударылған миллиондаған этностарды өз бауырына басып, бір үзім нанын тең бөліскен қазақ халқының дархандығын, Алғыс айту күнінің мән-маңызын бейнелейтін «Қазақ еліне мың алғыс!» бейнеролигі көпшілік назарына ұсынылды.

    Осынау мерекенің тарихи, саяси һәм тәрбиелік мәні тереңде жатқанын айтып, барша өңір тұрғындарын Алғыс айту күнімен құттықтаған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жыл сайын көктем мезгілінің осындай игілікті мейраммен басталатынына қуанышты екенін жеткізді.

    m4-al5s4

    «Қадірлі жерлестер! Кешірім – адамгершіліктің арқауы болса, алғыс айту – берекелі бірліктің бастауы болмақ. 1 наурыз – бұл ең алдымен Елбасының бейбітшілік пен келісім саясатының салтанат құрған күні. Бұл ортақ тағдыр тоғыстырған Қазақстан халқының бір-біріне ортақ сый-құрмет көрсететін күні. Осы сәтті пайдалана отырып, ел Тәуелсіздігін нығайтуға, оның қуатын арттыруға айрықша үлес қосқан барша азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін», — деген аймақ басшысы.

    Сонымен қатар, жиында өңірдегі этномәдени бірлестіктердің атынан Қазақстан халқы Ассамблеясы орталық құрамының мүшесі, облыстық грузин этномәдени бірлестігінің төрағасы Заал Бочорошвили сөз сөйлеп, барша ұлт пен ұлыстардың атынан Қазақ халқына алғысын білдірді.

    m

    m444

    Іс-шарада кезінде тағдыр тәлкегімен қазақ еліне келген барша этностардың қоныстануы туралы тарихи мәліметтер арқау болған «Бауырмал ел – Қазақстан!» тақырыбында театрландырылған-сахналық қойылым көрсетіліп, кезінде Оңтүстік Қазақстан облысында тұрған, қазіргі кезде алыс және жақын шет елдерде тұратын бірқатар  азаматтардың тілек-ниеттері топтастырылған «Қазақ еліне мың алғыс!» бейнежолдауы жұртшылық назарына ұсынылды. Мерекелік шара  елдегі ынтымақ пен бірлікті  дәріптейтін  концерттік бағдарламаға ұласты.

    Айта кету керек, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін – Алғыс айту күні деп жариялау туралы бастама көтерген болатын. Қоғам тарапынан байыпты бастамаға лайықты қолдау көрсетіліп, 2016 жылғы қаңтарда бұл күн Президент Жарлығымен мерекелер қатарына қосылды.

    Бүгінде ұлысымыздың ұйытқысы, береке-бірліктің бастауына баланған қасиетті оңтүстік жерінде 100-ден астам этнос өкілдері жарасты ғұмыр кешіп, ортақ шаңырағымызды көркейтіп отыр. Ынтымағын – ырысқа, бірлігін – берекеге теңейтін өңірдегі ассамблеяның маңайына топтасқан 20 этномәдени бірлестік ел игілігі жолындағы түрлі бастамаларға қолдау көрсетіп, аймақтағы қоғамдық келісімді сақтауға лайықты үлес қосып келеді.

    Ал таяуда Шымкенттегі «Қазақстан» кинотеатры қайта құрылымдаудан өтті. Жақында аталған нысан облыстық ассамблеяның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдар мен этномәдени бірлестіктердің игілігіне берілетін болады.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.