Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ МЫҢ АЛҒЫС!
    Жаңалықтар

    ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ МЫҢ АЛҒЫС!

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа01.03.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін Ордабасы ауданында 1-наурыз — Алғыс айту күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Мерекелік шара аясында ауданымыздың мәдени орталықтары ұлттық құндылықтарын дәріптейтін арнайы көрме ұйымдастырды. 

    1
    Мерекелік басқосуды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Салдарұлы Жамалов ашып, ордабасылықтарға өңір басшысының ізгі тілегін жеткізді, көпшілікті мерекемен құттықтады. 
    Аудан әкімі Алмасбек Кеңесбекұлы Мамытбеков өз сөзінде Ордабасы өлкесінің бірлік пен ынтымақты насихаттаудағы маңызына тоқталды. Жеткен жетістіктерге тоқталып, барша аудан тұрғындарына алғыс айтты. Бұл күні «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 18 жыл толуы да назардан тыс қалмады. Аудан басшысы партияға қабылданған мүшелерге жаңа куәліктер тапсырды.
    Солақай саясаттың құрбаны болып, туған жерінен күштеп көшірілген этнос өкілдері Қазақстанның түкпір-түкпірінде бар. Сол тарихи кезеңде елімізге жалпы 6 млн.-ға жуық адам қоныс аударуға мәжбүрленген. 

    6
    Ордабасы ауданында бүгінде 17 ұлттың 5 мыңға жуық өкілі ынтымақ пен бірлікте, тату-тәтті күн кешуде.
    Славян мәдени орталығынан Екатерина Рябова, күрді мәдени орталығынан Уәли Саноев, түрік мәдени орталығынан Бинат Гусейнов, иран мәдени орталығынан Мамет Багиров сөз алып, қазақ халқына шексіз ризашылықтарын білдірді, өткен күндерден естелік айтып, бұл ұлттар арасындағы достықтың туыстыққа айналғанын тілге тиек етті.
    Бинат Гусейнов сонау қиын-қыстау заманда көшіп келген 11 түрік отбасының бүгінде 118 отбасыға жеткенін айтты. «Сол кезде қазақ жұрты бізге құшақ ашып, соңғы нанын бөлісіп, қолдау білдірмегенінде, сол 11 отбасының құрып кетуі әбден мүмкін еді», — деп ағынан жарылды.

    Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.