Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Денсаулық»Түркістандағы туберкулез жұқтыру оқиғасы селекторлық жиында қаралды
    Денсаулық

    Түркістандағы туберкулез жұқтыру оқиғасы селекторлық жиында қаралды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа28.02.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
    Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен аудан, қала әкімдерімен және облыстық басқармалар басшыларының қатысуымен селекторлық мәжіліс өтті. Күн тәртібінде облыстағы ауыл шаруашылығы саласы және  жұмыспен қамту мен кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған бағдарламасының жүзеге асыру барысы қаралды.
    Жиында облыс басшысы Түркістандағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы  оқиғаға байланысты тиісті сала басшыларының атқарып жатқан жұмыстарын да тыңдады.
    Айта кетейік, өткен аптада Түркістан қаласындағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ем қабылдап жатқан  61 науқас өкпеқұрты дертін жұқтырып,  3 адамның  қайтыс болғаны анықталған болатын.
    Жұқпалы аурудан үш науқастың  көз жұмуы өте қайғылы оқиға екендігіне тоқталған өңір басшысы кемшіліктерге жол берген қызметкерлерге қатысты тексеру тағайындалғанын жеткізді. Құқық қорғау органдары да оқиғаға орай тергеп-тексеру жұмыстарын бастаған. Әзірге келеңсіз жағдайға байланысты аталған мекеме басшылығы жұмыстан босатылды.
    «Бұл жағдай әлеуметтік мекемеде орын алды. Сондықтан  Жұмыспен қамтуды үйлесіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаеваға қатаң сөгіс жариялансын. Тексеру нәтижесінің қортындысына орай тағы да шара қолданатын боламыз », -деді Жансейіт Түймебаев.
    Мұнан соң жиынға қатысушылар ауыл шаруашылығы мәселесін талқылады. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбековтің баяндамасы тыңдалды.
    Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 445,0 млрд.теңгені  құраған. Нақты көлем индексі 104,9 пайызға жетіп отыр.  Ауыл шаруашылығы негізгі капиталына 10,7 млрд.теңге тартылған.  2016 жылы  ауыл шаруашылық саласын қолдауға облыс бюджетінен 32 млрд теңге бөлінсе, биыл оның көлемі 27 млрд теңгені құрап отыр.
    Күн тәртібіндегі екінші мәселе  бойынша облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия  Темірбаева  соңғы бес жылда 220 905 адам жаңа жұмыс орындарымен қамтылғанын жеткізді.
    Облыстағы кәсіпкерлікті дамыту барысы жөнінде  Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар  Әбубәкіров  баяндады. Бағдарлама аясында кәсіпкерлікті дамыту бағыты  бойынша  қатысушылар қатарынан 1440 адам кәсіпкерлік негіздерге оқытылса, 2075 адамды шағын несиелеуге қатыстыру жоспарланған.
    Баяндамашыларды мұқият тыңдаған аймақ басшысы күн тәртібінде қаралған әрбір мәселе бойынша сала жетекшілеріне тапсырмалар жүктеді. Әсіресе, Жансейіт Қансейітұлы ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу және қайта өңдеу кәсіпорындарын құру бойынша жұмыстарды жетілдіру қажеттігін ескертті. Сондай-ақ облысқа көптеген ірі инвесторлар келіп сүт және ет өнімдері өндірісін дамытуға ниет білдіргенімен, оларды стратегиялық серіктес ретінде ары қарай қызықтыру жұмыстары төмен денгейде екендігін айтты.
    Экономикалық индикаторлар бойынша жұмыстардың тиісті деңгейде орындалып, облысқа қаржы тартуда инвесторларға жағдай жасалу қажеттігін атап өтті. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша несиелендіру механизмдерін халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында арнайы парақшаларды әзірлеп тарату халыққа тиімді болатынын айтқан облыс басшысы жаңа бағдарламаны іске асыруда Кәсіпкерлік, Ауылшаруашылық және Жұмыспен қамту басқармаларына бірлесіп  үйлесімді жұмыс жүрізуді тапсырды.
     ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.