Рухани астана Түркістан қаласындағы Есімхан алаңы қазіргі таңда күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. Биыл түркі жұртының мәдени астанасы болып тұрған шаһардағы бұл жұмыстар орынды. Алайда, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен мұңдалап тұрған алаңның қақ ортасында ерсі көрініс көзге түсті. Яғни, Түркістан қаласының әкімдігі киелі мекенге деген сүйіспеншілігін ағылшын тілі арқылы білдіргісі келіпті. Талай хандар мен билер, абыздар және ақындардың табаны тиіп, мәңгілікке жәй тапқан бұл тарихи қалада мұндай көріністің орын алғаны рухани ордаға жасалған қиянат емес пе? Күллі түркі жұртының мәдени астанасы атандық деп қуанышпен шартарапқа жар салған Әліпбек Өсербаев қала әкімдігінің дәл алдында тұрған бұл көрініске неліктен көз жұмды екен? Әлде шаһар басшысы Түркістан үшін маңызды жылда туристерге киелі мекенді ағылшын тілінде көрсетуді жөн көрді ме? Неде болса бұл күллі мұсылман жұрты ниет етіп, зиярат жасайтын тарихи мекенге деген немқұрайлық болып отыр.
Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ
Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от президента ТРК «Айгак» Абиш Дулатбека Назарбековича с...