Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Депутаттар қолжетімді баспана бағасын арзандатуды сұрауда
    Жаңалықтар

    Депутаттар қолжетімді баспана бағасын арзандатуды сұрауда

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа27.02.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Мемлекеттік бағдарламалар бойынша берілетін тұрғын үйге байланысты депутаттар ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтавтың атына кезекті рет депутаттық сауал жіберді. Бұл туралы narik.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Атап айтар болсақ, депутаттар мемлекеттік бағдарламалар бойынша салынған үйді берудегі әділетсіздіктер, қымбаттығы мен сапасыздығын айтты. “Мемлекеттік бағдарламамен үй алған азаматтардың баспана сапасының төмен екенін айтушылар саны көбейіп келе жатыр”, – делінген депутаттық сауалда. Депутаттардың айтуынша, құрылыс салуға пайдаланылатын құрылыс материалдарының 70 пайызы, кейде тіпті одан да көп бөлігі Қытайдан әкелінеді. Бірақ билік ресми түрде құрылыс материалдарының 80 пайызы отандық өнім екенін айтады. Тіпті, отандық құрылыс материалдарының өзі сапасы мен номенклатура көлемі сын көтермейді. Заң шығарушылардың айтуынша, 12 жылдан бері миллиардтаған теңге қаржы бөлінгенімен, халыққа үй әлі де жетпей жатыр. 2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, үйге мұқтаж азаматтар саны 2013 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 248,9 пайызға көбейген.

    Осыған байланысты мәжілісмендер Сағынтаевтан мына нәрселерді сұрап отыр:

    1) Қолжетімді баспананы тарату кезінде ашықтықты қамтамасыз ету тетігін дайындау;
    2) Шаршы метрдің бағасын азайту мен құрылысқа сапалы және арзан отандық материалдарды қолдану;
    3) Тұрғын үй сапасын бақылаудың дұрыс тетігін қалыптастыру;
    4) Қазақстандық кәсіпорындардың құрылыс материалдарын шығаруда мемлекеттік стандарт талаптарын арттыру;
    5) Нысандарды мемлекеттік қабылдау тетіктерін дайындау. Бұрын мемлекеттік қабылдау комиссиясында 20 адам жұмыс істесе, қазір комиссия 4 адамнан тұрады. Бұл саладағы жемқорлыққа жол ашып, бақылаудың тиімді еместігін көрсетуде;
    6) Мемлекеттік бағдарлама бойынша үй салатын компанияларды іріктеу тәртіптерін қатаңдату;
    7) Өңірлерде құрылыс нысандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жоқтығы мәселесін қарау.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.