Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Жасөспірімдер мәселесін жұмыла шешуіміз керек
    Жаңалықтар

    Жасөспірімдер мәселесін жұмыла шешуіміз керек

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа25.02.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмысты қалай азайтуға болады? Отбасы тәрбиесіннің тірегі — ата-ана мен мемлекеттік органдардың жауапкершілігін қайтсек арттыра аламыз? Бұл сұрақтарға  Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың қатысумен  өткен  құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында жауап ізделді. Жиынға облыстық білім, денсаулық сақтау, жастар саясаты мәселелері басқармасы, ата-аналар комитеті, үкіметтік емес ұйым және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.          Облыстық Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары  Мұсабек Зұлпыхаров 2016 жылдың қорытындылары бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс көрсеткішінің көбейгенін мәлімдеді. Мәселен,  былтыр  кәмелетке толмағандармен жасалған  қылмыстар облыста  57,0 пайызға  (293-тен 460-қа) өскен. Құқықбұзушылыққа бейім 1089 жасөспірім және 609  қолайсыз отбасы Ішкі істер органының есебіне алыныпты.  Өткен жылы кәмелетке толмағандар тарапынан өзіне өзі қол жұмсау оқиғаларының 89 жайты тіркелген. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Раушан Ергашова қылмыс жасаған 460 кәмелетке толмағандардың ішінде 91-і жалпы білім беру мектептерінің оқушылары, 369-ы колледждері мен ЖОО студенттері екенін айтты. Сондай ақ, , кәмелеттік жасқа толмай ерте жүктілікке бой алдырған оқушы қыздар саны өткен жылғы көрсеткіш бойынша 8-ге жетті. Олардың 2-і Сарыағаш, 1-і Мақтарал аудандарынан болса, 5-і Шымкент қаласынан.  Жұмыссыз жастарды ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту, оларды кәсіби даярлықтан өткізу  мақсатындағы жұмыстарда да шикіліктер  орын алып отыр. Жиын барысында облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы мемлекеттік органдардың қызметін сынға алып, олардың нәтижелі жұмыс жасауын талап етті.  «Бұл мәселелерді шешуге жастар ұйымдарын тартып, ерікті сақшылар  отрядтары мен халық жасақшыларының белсенділігін арттыру қажет. Мемлекеттік органдардың арасында өзара қарым-қатынастың жоқ екенін байқап отырмыз. Сондықтан кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу үшін барлық күшті біріктіріп, ата-аналар, педагогтар, мемлекеттік емес ұйымдар және бизнес қауымдастықтарымен бірлесе жұмыс жасауға тиістіміз», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

    Жиынды қорытындылаған облыс әкімі кәмелетке толмағандар арасында суицидтік көріністерге тосқауыл қойып, жастарды ақылы  қоғамдық жұмыстарға көптеп тартыуды, оларға кәсіби білім беруді жауапты органдарға тапсырды. Сондай-ақ, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың орын алмауын қадағалауда ұстау керектігін ескертті.

     ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.