Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Қазақстан» ұлттық арнасының директоры ауысты
    Жаңалықтар

    «Қазақстан» ұлттық арнасының директоры ауысты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа25.02.2017Updated:25.02.2017Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    «Қазақстан» РТРК» АҚ жүйесінде бірқатар кадрлық өзгерістер болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі телеарнаның сайтына сілтеме жасап. Әшімов Асқар Тұрғанбайұлы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының директоры болып тағайындалды. Ол әр жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының бас режиссері қызметтерін атқарған. Сондай-ақ, «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның Аймақтық даму дирекциясының директоры тағайындалды. Бұл лауазымға бұрын «Қазақстан» РТРК» АҚ Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстық филиалдарының директоры қызметінде болған Дүйсенов Арсений Кеңесұлы бекітілді. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының директоры қызметін осы уақытқа дейін атқарған Ағыбаев Жанахмет Жәнібекұлы Атырау облыстық филиалының директоры қызметіне тағайындалды.

    «2017 жылдың 24 ақпанындағы «Қазақстан» РТРК» АҚ Директорлер Кеңесінің шешімімен Мәди Манатбек «Республикалық радио» ЖШС-нің Бас директоры болып тағайындалды», — делінген хабарламада. Мәди Манатбек 2012-2013 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ өндіріс жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған. «Республикалық радио» ЖШС «Қазақстан» РТРК» АҚ-нан құрылған радио хабарларын тарату бойынша жұмыс атқаратын кәсіпорын және оның құрамына Қазақ радиосы, «Шалқар», «Астана», «Classic» атты төрт радиоарна кіреді. Сонымен бірге, Қоғамның аймақтардың дамуы жөніндегі Басқарма төрағасының орынбасары Ысқақов Ильяс Башарұлының және осы уақытқа дейін «Республикалық радио» ЖШС Бас директоры қызметін атқарған Өтеғалиев Досымбек Қонысбекұлының өкілеттіктері тоқтатылды.

    Ақпарат көзі: Tengrinews.kz

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.