Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген кеңесі өтті. Кеңес отырысына облыс әкімі — облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Жансейіт Түймебаев, қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, ғылыми-сарапшылық топтың, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.


