• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Шілде 8, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жансейіт Түймебаев көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарымен танысты

23.02.2017
0

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарымен танысу мақсатында бірқатар аудандарды аралады. Облыс басшысы мінген тікұшақ алдымен Мақтаарал ауданына қонып, арнайы құрылған тасқын зардаптарын жою жөніндегі құрылған штабтың есебін тыңдады.

Онда Мақтаарал ауданының әкімі Ғ.Исмайлов толассыз жауған жауынның салдарынан аудандағы су басқан үйлердің аулалары толығымен тазартылғанын баяндады. Оның айтуынша, су басу негізінен Атакент кентіне жақын орналасқан мақталық алқаптарда жаппай сор шаю жұмыстарының жүргізілуі мен жер асты суларының көтерілуі және иесіз қалған каналдардың тазартылмауынан орын алған. «Толассыз жауын-шашын салдарынан каналдар толып сулар тұрғын үйлерге тасыған, егіс алқаптар да елді мекеннің айналасында орналасқан. Сонымен қатар, каналдар ішіне шөп, қамыс саз балшық басып тазаланбаған. Каналдың қорғаныс бөгеттерінің жағалауларының 1-2 км топырағын жергілікті тұрғындар алып кетіп құрылыстарға пайдаланған»,-деді аудан әкімі.

Осы ретте, аймақ басшысы су тасу қауіпсіздік шараларын сақтамаған каналдардың меншік иелеріне ескерту беруді және иесіз қалған каналдарды мемлекет меншігіне яғни, «Қазсушар» мекемесінің құзырына беруді және оны тазалау, реттеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ, жер асты суларды реттеу мақсатында барлық дренаждардың жұмыс істеу қабілетін қайта қалпына келтіріп, олардың дұрыс деңгейде күтіп ұсталуын және пайдалануын қамтамасыз етуді жүктеді.

Мұнан соң, Ж.Түймебаев бастаған топ Шардара су қоймасын əуеден бақылап, Сырдария өзенінің аңғарын шолып шықты. Көксарай су реттегішінде жоғарыдан қарап шыққан соң осында Түркістан, Арыс қалалары мен Шардара, Отырар ауданы əкімдері мен облыстық деңгейдегі сала жетекшілерінің қатысуымен көшпелі жиын өткізді. Жиында өңір басшысы барша жауапты сала мамандарына төтеден келуі мүмкін тасқын суға сақадай сай болу қажеттігін ескертті.

Облыс аумағында қалыптасқан су тасқыны жағдайы туралы баяндаған ОҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Н. Дербисов аймақтағы үш ірі Арыс, Келес, Бадам өзендері мен 117 кіші өзендер таудан бастау алып, барлығы елді мекендер арасымен өтіп республикааралық Сырдария өзеніне барып құйылатынын айтты. «Осы өзендерде тасқынның пайда болуына құм, тас алу бойынша карьер жұмыстары себебін тигізуде. Өзендердің кез-келген жерінен шынжыр табан техникалардың күндіз-түні шағал тастарды артуынан қазіргі таңда облыстағы барлық өзендердің арналары өзгеріп, ұлтаны бірнеше метрге отырған, жағалаулары кемерлене шайылып, құзданып кеткен. Нәтижесінде жыл сайын өзен бойындағы елді мекендерге, автожол мен көпірлерге, жоғары қуатты электржүйелеріне, егістік жерлерге, мазараттарға және басқа да шаруашылық нысандарға қаупін тигізуде»,- деді Н.Дербисов.

Жиын барысында жағдайдың жай-жапсарын мұқият тыңдаған облыс әкімі өңірлердегі болуы мүмкін тасқын судың алдын алу бойынша тиісті шараларды тыңғылықты орындауды жүктеді. Бұдан бөлек, әкім облысымызда жыл сайын қайталанатын мəселені оңтайлы шешу жолын ұсынды. Су тасқынына қарсы шаралардың мән-жайы талқыланған жиында жоғарыда аталған 4 ауданның әкімдері өзендерде толған суды ауыл шаруашылығы бағытына қолдануға мүмкіндік беретін жобаларымен таныстырды. Яғни, көктемдегі суды тиімді пайдаланып, соның арқасында суармалы жерлерді ұлғайту көзделуде. Өз кезегінде өңір басшысы ұсынылған жобаларды кеңінен талқылап, жасанды су қоймаларды жасау үшін аэроғарыштық түсіріс әдістері арқылы зерделеуді және бұл жұмысқа ғалымдарды да жұмылдыру қажеттігін атап өтті.

«Оңтүстікте жылда осы мəселе қайталанады. Көктемде көп мөлшерде жауатын жаңбыр кезінде тасқыннан қауіптенеді. Ал жаз кезінде егістікке су таппай қиналады. Неге біз осының ортақ шешімін таппаймыз?! Сырдарияның Оңтүстік Қазақстан облысындағы ұзақтығы 375 шақырымды құрайды. Алайда осыншама құнарлы алқаптың басым бөлігі бос жатыр. Көрші Қызылорда облысының барлық аудандары мен елді мекендері өзен бойында орналасқан. Сол сияқты біздің өңірде де Сырдарияның аңғарынан су тоқтататын бөгеттер салып, көктемгі тасқын кезінде артық суды осында бұрып, егістік үшін жинайды. Менің тапсырмаммен Отырар, Арыс, Шардара ауданының əкімдері өзен аумағындағы алқаптарды суландырудың жобасын жасап шықты. Енді мұны облыста талқылап, тағы толықтырғаннан кейін Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынамыз. Оған қажетті қаржыны табатын боламыз. Егер жүзеге асса, қаншама халық жаңа жерге қоныстанып, жұмыспен қамтылып, табыс көзі артар еді. Диқандық кəсіпке бейім, əрі халқы тығыз қоныстанған аудандардың тұрғындары үшін қосымша тыныс ашылады. Сондықтан да аудан әкімдері мен тиісті сала басшылары осы бағыттағы жұмысты күшейтуі керек. Бұл жоба бізге жыл сайын қайталанатын тасқынның алдын алуға да тікелей септігін тигізетін болады», — деген Ж.Түймебаев ұсынылған жобаларды қайта дайындап нақтылауды тапсырды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

Айғақ медиа
03.07.2025
0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К. ТОҚАЕВҚА АШЫҚ ХАТ АСА МӘРТЕБЕЛІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ! Адамзат тарихында озық ойлы, ғылыми жаңалығы үшін қудалауға ұшыраған...

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкенттегі жекеменшік зертханалардың бағасы тексерілмейді. Баға саясаты әр мекеменің ішкі тәртібі мен нарық жағдайына байланысты қалыптасады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту...

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкент – аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эндемиялық аймақтардың қатарында. Өткен жылдың дерегі бойынша қаладағы 11 елді мекен бұл тізімге...

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Жаз мезгілінде шомылу маусымының қызуына байланысты су айдындарында қауіпсіздік мәселесі күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың біріне айналып отыр. Осыған орай, Шымкент...

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент қаласында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай профилактикалық іс-шаралар өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент...

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкентте Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай жастарға арналған концерт ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шара...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.