Шымкентте «Оңтүстіктің өнімдері» атты анықтамалық кітап жарық көрді. Облыстық Кәсіпкерлік палатасының қолдауымен басылып шыққан туынды да өңіріміздегі 500-ден астам кәсіпорындар мен өндіріс ошақтарының тізімі мен мекенжайы жазылған. Кез–келген шетелдік қонақ және де облыс тұрғындары үшін қажетті анықтамалық кітапта жеке өндіруші мекемелер туралы толық ақпарат көрсетілген. Яғни, оңтүстікте өндірілетін отандық өнім іздесеңіз, қажетіңізді осы кітаптан таба аласыз.
Кәсіпкерлер палатасы бұл анықтамалық кітапты мемлекет қаржысынан емес, Қазақстанға белгілі банктердің демеушілігімен шығарған. Бұл жеке компанияларға тиімді, жарнамалық тұрғыдан да, халықты ақпараттындыру жағынан да. Бүгінде бұл кітаптарды Шымкент қаласындағы белді қонақ үйлерден табуға болады.
Ұлдархан Өрісбай