1941-1945 жылдардағы сұрапыл соғыстың зардабынан әлі де айыға алмай жүрміз. Мәселен, күні кеше арнамыздың шығармашалық тобы тосын бір оқиғаның куәсі болды. Нақтысын баяндасақ. Ақпан айының 20-күні «Айғақ»телеарнасының басшысы Дулат Әбішке Ресей елінен жеделхат келді. Онда, Курск облысы, Поныри ауданында белгісіз солдаттың сүйегі табылғаны туралы жазылыпты. Қалтасында құран қағаз болған. Іздестіру тобы зерттей келе, ОҚО Сайрам ауданы, Манкент станциясынан соғыс даласына аттанғаны анықталды. Жауынгер табылған аймақта НКВД-ның Сібір дивизиясы соғысқан деседі. Қолда бар осы деректерден кейін біздің арнаның түсірілім тобы журналисттік зерттеуге кірісті. Бағлан Байкөбекқызының бейнесюжетінде.